Мазмұнға өту

Аш-Шазилийа

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

аш-Шазилийа, аш - Шадулийа -шазилишылдар(араб.: الشاذلية‎), Солтүстік Африкадағы ірі сопылық бауырластық. Оның негізін қалаушы және атауын қалыптастырушы Магрибтан шыққан Әбу-л-Хасан аш-Шазили (1196/97 - 1258) болды, ол өзінің діни тегін шейхы Ибн Харазим (1236 жылы өлген) арқылы таратып, әйгілі Әбу Мадианға апарып тірейді. 1218 ж. шамасында аш-Шазили мұсылман әлемінің Шығысына сапар шегіп, мұнда ол сопылық рифаишылдар бауырластығының шейхы Әбу-л-Фатх әл-У аситимен кездеседі. Әбу-л-Фатхта жеткілікті дәріс алған соң (мұның өзі аш-Шазилидің Шығыстық сопылық дәстүрлерімен жақын танысуына мүмкіндік берді), ол Батысқа қайта оралады.Әбу Мадианның шәкірті белгілі сопы Ибн Машиш (1238 жылы өлген) аш-Шазилиге көп ықпал жасады. Ибн Машиш өлгеннен кейін, аш-Шазили Туниске қоныс аударып, мұнда бірнеше жыл бойы кезбе сопы-уағызшы болып тіршілік кетеді. Кезбелік сапарларының арасында ол Тунистегі Шазила елді мекені маңындағы зауияға аялдайтын. Оның ныспысы осы елді мекеннің атауынан шыққан, аш-Шазилидің іс-әрекеті мен бірте-бірте өсе түскен атақ-даңқы жергілікті факихтерге ұнамады. Олардың қуғындауынан бас сауғалаған ол Александрияға қоныс аударуға мәжбүр болды, мұнда өзінің зауияның іргесін қалады. Бастапқыда жергілікті діни қайраткерлер арасында аш-Шазилидің қарсыластары көп болды. Бірақ оның уағызшылдық таланты мен Құдайшыл тұрмыс-тіршілігі (он жыл сайын Меккеге қажылық сапар шегетін) уақыт өте келе бұлардың қолдауына ие болуға көмектесті. аш-Шазилидің уағызына «иланғандар» арасында, бізге жеткен аңыз бойынша, тіпті танымал сунниттік уағызшы Изз ад-дин б. Абд ас-Салам (1262 ж.ө.) да болған. Әш-шазили қажылықтан қайтып келе жатып, Жоғарғы Мысырдағы қызыл теңіздің жағалауына орналасқан Хумайсра елді мекенінде қайтыс болды. Осман би- леушілерінің көп күш жұмсауының нәти- жесінде аш-Шазилидің мазары XVI - XVII ғ-да сәулетті кешенніц (мешіт, монша, ме- дресе, т. б.) орталығын айналды, сондай-ақ бұл кешен қазіргі кезде де мұсылмандардың тәуап ететін орны болып саналады. Аш-Ш. сопылық бағытының идеол. негізіне айналған аш-Шазили ілімінің ең басты қа- ғидалары әл-Джунайд пен басқа да сопылар жасаған, кейін Солтүстік Африка жағдайын Әбу Мадиаи бейімдеген сопышылдық идеалдарына сүйенеді. Тунисте қалған өзінің жақтастарына жолдаған хаттары мен ауызша уағыздарында аш-Шазили құлшылық етуге, Құдайдан қорқуға, билік басындағылармен ынтымақтасудан бас тартуға, шариғат шарттарын мүлтіксіз орындауға Пайғамбар (с.а.у.) сүннеттеріне бойұсынуға, бұл дүние игіліктеріне берілмеуге үндеді. Адамның іштей өзін-өзі жетілдіруі мен иман мәнін терең түсінуіне ерекше мән берілді, мұның өзі, жалпы алғанда, маламатишыл сопылар көзқарастарын үйлесетін. аш-Шазили өзі- нің ізін қуушылардан қандай да бір ерекше киім киюді талап еткен жоқ. Алғашқыда шазилишілдер өз рибаттарын салмай-ақ бір-бірімен ұйымдық жағынан байланыспайтын жеке-жеке зауияларда тұрды. Бұл бауырластықты кең танымал етіп, өркендетуге көп үлес қосқандар - аш- Шазилидің александриялық шәкірттері Әбу-л-Аббас әл-Мурси (1287 жылы өлген) мен оның мұрагері Тадж әд-Дин б. Ата Ал- лах әл-Искандари немесе ас-Сикандари (1309 жылы өлген). аш-Шазилидің өмірі мен қызметі туралы мәліметтерді, оның пікірлерін, оған телінетін дұғалар мен нақылдарды (ахзаб, аурад) ибн Ата Аллах жинап, жүйелеп шықты. Дұғалар мен нақылдарға аш-Шазилийа бауырластығында ерекше назар аударылды, олар бауырластық мүшелерін біріктіретін рухани арқау міндетін атқарып, адамның, жарық дүниелік қарбаластан тазару, өзін-өзі жетілдіру және шазилишілдік «тәрік ету» (ат-тарик) жолының ізгі мәніне түйсіну тәсілі болды. Ахзаб пен аурадты бірігіп сиыну кезінде кейде саз әуеніне қосылып дауыстап айтатын. Хизб әлбахр - Аллаһқа шынайы тіл қату деп аталатын шазилишілдер дұғасы барынша кең тарал- ды, бұл дұға әдеби кұндылықтан да кенде емес. Ибн Ата Аллах пен оның шәкірттері аш-Ш. үшін зікір ережелерін жасап шықты, оның құрамына демалуды кідірту туралы нұсқаулар да енетін. Басқа шазилишілдер ғұрпындағы сияқты мұнда да зікір мен өзін өзі бақылаудың мәнін іштей терең түйсінуге баса назар аударылды. Ибн Ата Аллахтың көпшілікке түсінікті шығармалары арқылы олардың ішіндегі ең белгілілері Мифтах әл-фалах, Лата'иф әл-минан, ат-Тануир, әл-Хикам болды, аш-Шазилийа идеялары алдымен Мысыр мен Тунисте, кейінірек (XV ғ.) Магрибте кең таралды. Оларды Батыста насихаттау ісінде Фестен шыққан сопышыл уағызшы ибн Аббад ар-Рунди (1390 жылы өлген) көп рөл атқарды. Магриб пен Тунисте аш-Шазилийаның кең таралуына жергілікті билік иелері - Марин мен хафс әулеттері тарапынан көрсетілген қолдау игі әсер етті, олар бұл бауырластықтың жергілікті тайпалар арасындағы ықпалын өз мақсаттары үшін пайдалануға ұмтылды. аш-Шазилийаның беделі Мысырда өте жоғары болды, мұнда ибн Ата Аллах соттардың дұшпаны ханбалшыл ибн Таймиды 1308 ж. уақытша түрмеге қаматтыруға да қол жеткізе алды. Мысырда аш-Шазилийа дәстүрін белгілі сопылар Мұхаммед Уафа мен оның ұлы Әли (1404 жылы өлген) одан әрі жалғастырып, араб. әл-Уафаийа деп аталатын төркіндес бауырластықтың негізін саяды. XVI ғ-да сопы шазилишіл Әли б. Маймун (1511 жылы өлген) Сирияда бауырластық зауияның іргесін қалады, бірақ жалпы алғанда аш-Ш. мұсылман әлемінің Баты- сында кең таралған бауырластық болып қалды XVI ғ-дың бірінші жартысында аш-Шазилийадан тармақталып шыққан әлисауа немесе әл-исауишылдар бауырластығы (негізін салушы Ибн Иса» 1523/27 жылы өлген) кең танымал болды. Бұл бауырластықтың мүшелері сән- салтанатты ғұрыптарымен ерекшеленетін: олар дәстүрлі африкалық саз аспаптарына қосылып шаттана би билейтін, адамдарды, жындар мен жануарларды дуалайтын, жайып тұрған от пен ұнталған шыны жұтатын, шоққа айналған көмірлі басып жүретін, т.б. Жалпы алғанда, аш-Шазилийа мен оның тармақтары өзінің тарихи дамуы барысында жергілікті берберлік тұрғындардың көптеген ғұрыптары мен дәстүрлерін қабылдап алды, дәлірек айтқанда, олардың ата-бабаны сыйлау дәстүрі сопылық «әулиелерге» сиыну ғұрпы түріне ауысты, сондай-ақ «қара» және «ақ» сиқыр, сиқырлан емдеу, дұғалау, жансыз нәрселерге жаны бар деп табыну, рәсімдік билер дәстүрлері де жергілікті тұрғындардан ауысқан. Мұның бәрі Исламның «тазалығын» сақтауға ұмтылған факихтер тарапынан, сондай-ақ «әсіре» сопылық дәстүрлерді ұстанатын білімді сопылар тарапынан қатаң айыптады. аш-Шазилийанің кейбір тармақтары кейде өздерінің бұл дүниелік істерге араласпау туралы бастапқы қағидаларынан бас тартып. XIV- XV ғ-да пайда болған зауиялары мен рибаттары орналасқан аумақтардың саяси өмірінде елеулі роль атқарды. Мысалға, аш-Шазилийанің бір тармағы әл-джазулишілдер шейхыларының біреуі Сус қ. аймағын ұзақ уақыт бойы өз бақылауына алып, махдистер көтерілісін ұйымдастырды: Ибн Исаның жолын қуушылар Мароккоға португалдардың басып кіруіне қарсы күресте белсене қатысып, Сағдишілдер әулетінің өкімет басына келуіне көмектесті (XVI ғ.). Аддаркауашыл сопылар бірнеше жыл бойы (1803-09) Оран (Алжир) уалайатында Османдық билеушілерге қарсы күрес жүргізді. аш-Шазилийаның бұл тармағының шейхылары Абд әл-Қадырдың француз отаршылдарына қатысты саясатын табансыздық деп есептел, оны қолдаудан бас тартты. Тунисте француздар билігі кезеңінде бейтарап саясат ұстануға ұмтылған әл-маданишылдар шейхылары өкімет басына ұлттык үкімет келген соң, «дұшпандармен ауыз жанасты» деген желеумен айыпталды, мұның өзі аш-Шазилийа бауырластығының бұл бұғағының әлсіреуіне алып келді. аш-Шазилийа бірнеше ғасыр бойы Африканың Суданнан Малиге дейінгі ішкергі аймақтары тұрғындарының арасында белсенді және біршама жемісті діни уағыздау қызметін жүргізді. Шазилишіл уағызшы Саид б. Мұхаммед әл-Маруфтың (1904 жылы өлген) арқасында бұл бауырластық ілімі Комор аралдары тұрғындарының арасында да таралып, мұнда аш-Шазилийа үстемдік құрды. аш-Шазилийа мен оның тармақтары қазіргі кезге дейін Мароккода, Тунисте, Алжирде, Суданда, Африканың басқа да елдерінде өмір суріп келеді. Шейх атағы, әдетте, мұрагерлік дәстүр бойынша атадан балаға берілетін мұ- сылмандық әлемнің Шығысында таралған бауырластықтардың көпшілігімен салыстырғанда аш-Шазилийаның басшысы тариканың немесе оның тармақтарының ең беделді мүшелері арасынан сайланып қойылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1