Мазмұнға өту

Афазия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Афазия

Зақымдалған кезде афазияға әкелуі мүмкін сол жақ жарты шардың аймақтары
АХЖ-10

F80.080.0-F80.280.2, R47.047.0

АХЖ-9

315.31, 784.3, 438.11

DiseasesDB

4024

MedlinePlus

003204

eMedicine

neuro/437 

MeSH

D001037

Афазия (көне грекше: - теріс бөлшек, және φάσις - көрініс, мәлімдеме) — адамның сөйлеу қабілетінен жартылай не біржола айырылуы. Мұндай кемістік мидағы сөйлесу орталықтары мен қан тамырларының ісініп, бас сүйегінің зақымдалу салдарынан болады. Ми алашарының белгілі орталығы зақымдалуына қарай А.-ның мынадай екі түрі бар: қимыл-қозғалыс А. мен сезімдіk А.

  • Қимыл-қозғалыс А. сөйлеудің мидағы орталығы (мұны Брока орталығы дейді) мен сөйлеудің сезімдік орталығының (мұны Верника орталығы дейді) зақымдалуына байланысты. Бала сөйлеуінің дамуы соқырлығынан немесе нашар естуінен мардымсыз болып қалатын алалия деп аталатын кемістіктен А-ның айырмашылығы сол, бұл баланың дамып жетілген сөйлеу қабілетін жоғалтады.

Қимыл-қозғалыс А. бойынша баланың сөйлеуі біржола жоғалады немесе айтайын деген ойын үзілді-кесілді бірер сөздерді атаумен шектеледі. Мұндай жағдайда сөйлеудің дыбыстық үйлесімі мен буындары, сондай-ақ буындар мен сөздердің бір-бірімен байланысы болмайды. Мұндай кемістігі бар балалар өзгелердің сөзін де шала-шарпы ұғынып, оларға толық жауап қайтара алмайды.

Қимыл-қозғалыс А. кеміс болған баланың оқуы мен жазуына да әсер етіп, олар жеке дыбыстар мен сөздерді де дұрыс айта алмайды. А.-ға ұшыраған балалардың сөйлеуін қалпына келтіру үшін оның естуі мен көру талдағыштарының жұмысын жандандыратын шаралар қолданып, сөйлеудің қимыл-қозғалыс жүйесін қалпына түсіретін дағдылар қалыптастырылады. Сонымен бірге ондай балалардың сөздерді дұрыс айтып, грамматикалық құрылысын үйренулері үшін машықтандыру жұмыстары жүргізіледі.

Сезімдік А. бойынша бала сөздердің мәні-мағынасын ұғына алмайды, сөздер мен әріптердің дыбысталу ерекшеліктерін ажырата алмай қиналады. Алайда бала бөгде дыбыстарды дұрыс қабылдау қабілетін жоғалтпайды. Сезімдік А. баланың сөйлеу қабілетін қалпына келтіру бағытында оның есту, көру талдағыштарының қызметін жандандырып, дұрыс сөйлеу мен жазу-сызуға деген әрекетін дамыту арқылы сөздердің мағынасын дұрыс түсіне білуге жүйелі түрде машықтандырады. Қимыл-қозғалыс пен сезімдік А-лар өзге балалардың сөйлеуі мен сөз мағынасын түсіну қабілетінен біржола айырылып қалуы сияқты кемістікке де ұшырауы мүмкін. Сондай-ақ А-ға байланысты кейбір сөздердің мәнін ұмытып қалуы сияқты кемістікке де душар болады. А. бала психикасының қалыпты дамуына кедергі жасағанмен оны ақыл-ойы кеміс балалар қатарына жатқызуға болмайды. Баланың сөйлеуіндегі А. қалпына түсіру үшін логопедиялық шаралар қолданып, емдеу жұмыстары жүргізіледі. А. сөйлеу әрекетінің әрқилы түрлерінің жүйелі бұзылуын білдіреді. А. сөйлеу аппараты әрекеттерінің және естудің қарапайым түрлерінің сақталуы жағдайында сөйлеудің фонемалық, морфологиялық және синтаксистік құрылымының бұзылуы түрінде көрініс табады. Нейролингвистиканың түсініктеріне сәйкес А. келесі себептерден пайда болған жүйелі бұзылыс болып табылады: алғашқы реттік дефект; алғашқы реттік дефектінің салдарынан болатын екінші ретті бұзылыстан; бұзылған функцияны компенсациялауға бағытталған ми қызметін функциялық өзгертуден. А. сөйлеу іс-әрекетінің бұзылысына әсер еткен фактордың біріне байланысты жеті түрін біліп көрсетеді:

  1. сенсорлық А. – фонемалық естудің – сөздердің дыбыстық құрамын ажырата алмау – бұзылысы; ауызша сөйлеуді түсінудегі қиындық;
  2. акустикомнестикалық А. – есту – сөйлеудің естің бұзылысы;
  3. негізінде көру есінің бұзылысы жататын оптикомнестикалық А.;
  4. белгілі бір логикалық құрылымдарды, мыс., әкенің ағасы, ағаның әкесі, жаздың алдындағы көктем сияқты құрылымдарды түсінудің бұзылысы болып табылатын, сонымен қатар, санау мен кеңістіктік ойлаудың бұзылысымен бірге жүретін семантикалық А.;
  5. моторлық афференттік А. – сөздерді айта алмау, бір дыбыстарды екіншісімен алмастырудан көрінетін сөйлеу бұзылысы;
  6. моторлық эфференттік А. – сөйлеу актілерінің кинетикалық ұйымдасуының бұзылысы, сөйлеу таптаурындарының инерттілігі салдарынан бір сөзден немесе буыннан екіншісіне ауысудың қиындығы;
  7. динамикалық А. – сөйлеуді жоспарлаудың бұзылысы түрінде көрінетін сөйлеудің бірізділігінің бұзылуы; ауызша және жазбаша белсенді сөйлеудің бұзылуы.
Ср. Анартрия.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9