Мазмұнға өту

Артур Гарден

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Гарден Артур (12.10.1865, Манчестер-17.6.1940, Борн-Энд)- ағылшын биохимигі. 1909 жылдан Лондон корольдық қоғамының мүшесі. 1882-1886 жылдары Манчестердегі Виктория университетінің химия факультетінде, 1887-1888 жылдары Германиядағы Эрланген университетінде оқыған 1897 жылы химия және су анализі лабораторияларының меңгерушісі , 1907-1930 жылдары профилактикалық медицина институтында биохимия бөлімінің жетекшісі. 1912 жылдан Лондон университетінде биохимиядан профессор. Спиртті ашыту және осы процестерге қатысатын ферменттерді зерттеу жөніндегі еңбектері үшін 1929 жылы Нобель сыйлығын алған.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақ энциклопедиясы