Арпалыс
Арпалыс - құрлықта, әуеде, теңізде майданның мақсатына және уақытына қарай өз ара байланысты жүргізілетін ұрыс қимылдарының жиынтығы.
Арпалыс - операцияның (армиялық, майдандық не бірнеше майдандық) ең маңызды шешуші кезеңі. Арпалысқа соғысушы жақтың (армияның, майданның, армия мен флот топтарының) оперативті құрамалары қатысады. XX ғ-ға дейін Арпалыстың жеке және шешуші түрі болатын. Кейін сан миллиондаған армиялардың көбеюіне, өн бойға созылған майданның құрылуына, оперативтік өнердің дамуына байланысты Арпалыс сипаты өзгерді. 1939-45 ж. ІІ дүние жүздік соғыста Арпалыстың өн бойға ондаған, тіпті жүздеген км-ге жетіп, ол бірнеше күнге, кейде аптаға созылды (мысалы, 1944 ж. Корсунь-Шевченко операциясы, 1945 ж. Балатон қорғаныс операциясы).
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том
- Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Арпалыс