Мазмұнға өту

Ариовист

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ариовист (Ariovistus) (б.з.б. 1 ғ.) - германдық свев тайпаларының көсемі.

Галл тайпасының бір тармағы - эдуйлерге қарсы күрескен галлдар мен секвандардың тілегі бойынша б.з.б. 71 ж. шамасында Ариовист германдықтар отрядымен Рейннен өтті. 61 ж. шамасында эдуйлерді жеңді. Галлия жеріне орнықты.

Ариовист билігіне риза болмаған галл тайпалары Юлий Цезарьдан көмек сұрады. Цезарь әскері 58 ж.шамасында Везонцио (қазіргі Безансон) маңында Ариовист тайпаларын талқандады. Жараланған Ариовист қалған әскерлерімен Рейннен өтіп, Германияға келді, сол жерде көп ұзамай қайтыс болды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998