Араб жылқысы
Араб жылқысы (араб.: الحصان العربي Үлгі:IPA-ar, DMG ḥiṣān ʿarabī) – ертеден белгілі жылқы тұқымының бірі. Оны қазақтар «араби жылқы» деп атаған. Араб жылқысы 7 ғ-дан белгілі. Ол 15 ғ-дан бастап Еуропада көптеген жаңа жылқы тұқымдарының (таза мініс жылқысы, тракенеп, венгр жылқысы, орлов желгіші, т.б.) өсірілуіне себеп болды. Оның айғырларын қазақ халқы өзінің жылқы тұқымдарын жақсартуға пайдаланды.Араб жылқысы ірі емес, шоқтығына дейінгі биікт. 151,9 см, тұрқы 149,3 см, кеуде орамы 175 см, жіліншігінің орамы 19,2 см. Тұяғы берік, өте сымбатты, ұзақ жүріске төзімді әрі жүрдек келеді. Араб жылқысының тірідей салмағы 420 кг, сойғанда 54 – 56% таза ет береді, биелерінен 11 – 15 л сүт сауылады. Шөлге шыдамды, күтім таңдамайды. Қазақстанда таза Араб жылқысы өсірілмейді. Түпкі нәсіліне тән қасиеттерін сақтаған Араб жылқысы Каспий теңізі өңіріндегі елді мекендерде кездеседі.[1]
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы I том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |