Мазмұнға өту

Аполлон 8

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Аполлон 8
Apollo 8
Экспедицияның эмблемасы
Экспедицияның эмблемасы
Негізгі ақпарат
Түрі

"Аполлон" ғарыш кемелерінің тобының 3-орындық басқарылатын ғарыш кемесінің аты.

Мемлекет

АҚШ

Класс

NSSDC_ID - 1968-118A
NORAD_ID 03626

Қолданысқа берілді

21 желтоқсан, 1968
12:51:00 GMT

Қолданыстан шықты

27 желтоқсан, 1968
15:51:00 GMT

Сипаттамасы
Техникалық сипаттамасы
Экипаж саны

Джеймс Ловелл, Уильям Андерс, Фрэнк Борман

"Аполлон 8" экипажы:
Джеймс Ловелл,
Уильям Андерс,
Фрэнк Борман

«Аполлон-8» — "Аполлон" ғарыш кемелерінің тобының 3-орындық басқарылатын ғарыш кемесінің аты. Аполлон 8 алғашқы рет адамдарды Ай орбитасына жеткізген. Мақсаты - комплексті байқау, негізгі блокты Ай орбитасына шығару. Бұл ғарышқа сапарының тарихи мәні бар - "Ай жарысындағы" АҚШ-тың едәуір серпілісі болды.

Техникалық мәлімет

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ғарыш кемесі бір бөліктен тұратын - негігі блок. Құрамында :

  • командалық отсек (СМ-103, массасы - 28,9 т)
  • жұмыс отсегі (SM-103).

Айға қонатын отсектің орнына макет орналастырған. Ұшыру үшін «Сатурн 5» зымыран тасығышы қолданылды (AS-503).

Бастапқы кезде топқа Майкл Коллинз кірген, бірақ соңына қарай медициналық көрсеткіштер ойынша оның орнына Ловеллді алды.

"Аполлон 8", 1968 жыл

«Аполлон-8» 21 желтоқсан 1968 жылы сағат 12:51 де Гринвич бойынша ұшты, жоспардан 65 секунд кештеу.

Старттан 55 сағат 38 минуттан кейін ғарыш кемесі Жердің тарту күші аумағынан шығып, Айдың тарту күші аумағына кірді.

Ай орбитасына шығу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ғарыш кемесінің стартынан 68 сағат 4 минут өткеннен кейін астронавттар селеноцентрлік орбитаға кіруге рұқсат алды. Сонан соң 1 сағаттан кейін кеме Айға қарай бағыт алды. Борманның жүрек соғысы сол кезде - минутына 130 болды.

Старттан 72 сағат өткенде астронавттар теледидар байланысына шығып, Айдың көріністерін, жасаған суреттерін көрсетті. Жалпы Ай орбитасын айналып жүргенде астронавттар Жермен 4 теледидар сеанс өткізді.

Ай орбитасында 10 рет айналғаннан кейін старттан 89 сағат 19 минут өткеннен кейін, астронавттар негізгі козғалтқышты қосып, Жерге қарай бағыт алды.

Жерге қайтып оралу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
"Аполлон 8"-дің экипаж отсегі «Йорктаун» авианосецтын үстінде

Айдан Жерге қарай кері жолында астронавттар дем алды, Андерс 45 минутқа кезекшілік кезінде ұйықтап қалды. Соңғы бесінші теледидар сеансында астронавттардың көңіл-күйі көтерінкі болып, олар ойнап-күліп, кемесінің ішкі құрылысын, иллюминатордан Жердің көрінісін көрсетіп жатты. Теледидар сеанстарының жалпы ұзақтығы - 28 сағаттай болды.

Старттан 146 сағат 31 минут өткенде экипаж отвегі қозғалтқыш отсегінен бөлініп, атмосфераға кірді. 146 сағат 54 минут өткенде тежегіш парашуттар ашылды.

«Йорктаун» авианосецтан 5 км қашықтықта 4°56′ с. е. 165°15′ б. б. / 4.933° с. е. 165.250° б. б. / 4.933; -165.250 (G) (O) (Я)координатта экипаж аман-есен суға қонды.

Жалпы ұшу сапарының уақыты - 147 сағат 00 минут 11 секунд.

Нәтижелері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

NASA Аполлон 8 ұшу сапарын өте сәтті болды деп жариялады. Жетістіктердің негізгісі - Айдың беті толық жете зерттелді, Аполлон кемесінің күрделі ғарыш сапарларға шығуға мүмкіндігін дәлелдеді, адам үшін қауыпсіздігін дәлелдеді және көптеген маңызды ғарыш туралы мәлімет алынды.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Үлгі:Аполлон (ғарыш кемелері)