Амнистия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Амнистия немесе рақымшылық (грекше αμνηστια – кешіру) — адамдардың белгісіз бір тобын мемлекет басшысының немесе өкіметтің жоғары өкілетті органының шешімімен қылмыстық жазадан босату.

Амнистия жалпы (қылмыстық кодекстің белгілі бір баптары бойынша сотталған немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылған барлық адамдар үшін) немесе ішінара (рақымшылық ету) болуы мүмкін. Амнистия актісімен кейде сотталу фактісі алынып тасталады. Қазақстанда айыптау үкімі заңды күшіне енген жеке адамға қатысты рақымшылық ету актісін Қазақстан президенті шығарады. Амнистия актісі аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға, кісі өлтіргендер мен жазаны өтеу кезеңінде тәртіп бұзған адамдарға қолданылмайды.[1]

Қылмыс жасаған адамды жазалаудан толық, немесе ішінара азат ету не болмаса сотпен тағайындалған жазаны барынша жеңіл жазамен ауыстыру. Бұл сонымен қатар жазасын өтеп келген адамдардан сотталғандығын алып тастау. Рақымшылық құқы әдетте елдің ең жоғарғы өкілетті органы мен (немесе) Президенті арқылы танылады. Казақстанда Рақымшылық туралы актіні Республиканың Парламенті шығарады.[2]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
  2. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6