Мазмұнға өту

Айдап салушы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады.

Жоспарлы орындаушының субъективтік қасиеттерін ескере отырып, айдап салушы бопсалауды және мадақтауды, оның пайдакүнемдік ниетін пайдаланады, ал кейде сөз арасында айтылған емеуріннің өзі де жетіп жатады.

Адамды нақты заңға қайшы әрекеттерге баруға тікелей бағытталмаған жалпы үндеу мен тілектер айдап салу ретінде қарастырыла алмайды. Мысалы, «о дүние» тартымдылығы туралы абстрактілі ойлар немесе керісінше, бір адамның «ақша жасай» алмауы және т.б.