Мазмұнға өту

Алмалы дискі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Алмалы дискі дискенгізгісі

8 дюйм, 5¼ дюйм (толық биікті), және 3½ дюйм дискенгізгілері
Табыстың күн-айы: 1969 (8 дюйм),
1976 (5¼ дюйм),
1984 (3½ дюйм)
Табысшысы: Девид Нобл (David Noble) басқарған IBM тобы
Жалғануы:
  • Контроллер (реттегіш) дегенге, кәбіл

Алынбалы дискі (ағылш. floppy disk - иілгіш дискі) — бұл деректердің шағын көлемі сиятын тасымалы дискі.

Диаметрі 3,5 дюймді алмалы дискінің сыйымдылығы әдетте 1,44 МБ құрайды. Алынбалы дискінің бір кемшілігі, оны зақымдау оңай: бұл жылудың, шаң-тозаңның немесе электр магнитті толқындардың әсерінен болуы мүмкін. Мысалы, қарапайым қағаз бекіткіш магниттелсе, ол алмалы дискідегі барлық деректерді жоюы мүмкін. Сондықтан маңызды жазбаларды және басқа да елеулі деректерді бірнеше алынбалы дискіде немесе басқа тұрпатты дискіде, айталық, ықшам дискіде сақтаған жөн. Алынбалы дискілер сондай-ақ дискеттер деп те аталады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]