Адаптер
Көрініс
Адаптер (лат. adapto– икемге келтіремін) —
- компьютер мүмкіндіктерін арттыруға пайдаланылатын электрондық тетік (плата).
Пішімі мен типі бойынша фотоаппараттың құрылымында пайдаланылуы қарастырылмаған жарық сезгіш материалдарды қолдануға мүмкіндік беретін қосымша кассета.
- Стандартты емес бекітпесі бар алмалы-салмалы объективтерді фотоаппара фотоаппараттарға орнатуға арналған құрылғы.
Дыбыс алғыш құрылғылардың жалпылама атауы.
Адаптер (Adapter) -
- дербес компьютердің жүйелік шинасын мәліметтерді әр түрлі тәсілмен бейнелейтін шалғай құрылғылармен сигналдарды сәйкестендіре отырып байланыстыру үшін дербес компьютерге орнатылған тақша. Ол бір жүйе кұрамында немесе қатар жұмыс атқаратын бірнеше жүйенің әр түрлі бөліктерінің жұмысын бір-бірімен сәйкестендіруге арналған аралық құрылғы;
- шалғай құрылғы контроллерінің қызметін орындайтын схема. Ол алмалы-салмалы электрондык тақшада немесе тікелей дербес компьютердің аналық тақшасына орналастырылады;
- есептеу желілерінде - абоненттік жүйелер хаттамаларының физикалык және арналык деңгейлері жұмысын жүзеге асыратын станцияның бір түрі;
- процессордың шалғай құрылғылармен байланысын (мәліметтер алмасуды) жүзеге асыратын арнайы құрылғы. Графикалық адаптер - мәниторды процессормен байланыстыратын қосқышы бар арнайы тақша, оны бейнекарта (видеокарта) деп те атайды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |