АНЗЮС

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
АНЗЮС мүшелері.

АНЗЮС (ағылш. ANZUS Security Treaty — Australia, New Zealand, United States) — саяси-соғыс блогі. Құрамында 3 ел:

  1.  Аустралия - Аустралия,
  2.  Жаңа Зеландия - Жаңа Зеландия,
  3.  АҚШ - АҚШ.

Ресми тілі - ағылшын.

АНЗЮС атын құрамындағы елдердің бірінші әріптерінен алынған - (ағылш. Australia, New Zealand, United States).

Блогінің құрылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Автралиялық бомбалаушы авиациясы 1950 жылы Малай көтерілісшілердін бомбалау кезінде

АҚШ, Аустралия мен Жаңа Зеландия елдерінің арасындағы ынтымақтастық Екінші дүниежүзілік соғыстың кезінде басталған. Қырғи қабақ соғыс басталғаннан кейін бұл ынтымақтастықты ұйым ретінде заңдастыру керек болды. Осылай Сан-Франциско қаласында (АҚШ) 1951 жылы 1 қыркүйекте АНЗЮС келісіміне қол қойылып, 1952 жылдың 29 сәуірінде күшіне енді. Келісім уақыты шектелмеген. Ұжымдық қорғауда бастапқы кезде Тынық мұхит аумағы ғана болған, кейіннен блоктың белсенді қорғанысына Үнді мұхиты да кірді.

Блоктың мақсаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
АҚШ президенті Джордж Буш және Аустралия премьер-министрі Джон Говард Вашингтонда,10 қыркүйек 2001 жыл

АНЗЮСтың мақсаты - КСРО бастаған дүние жүздік социализм системасына қарсы күресу, Оңтүстік-Шығыс Азия халықтарының ұлт-азаттық қозғалысын басып отыру.

АНЗЮС Корея және Вьетнам соғыстарына, Камбоджа мен Лаостың ішкі істеріне белсенді қатысқан.

1991 жылғы Парсы шығанағындағы соғыста АНЗЮС-тың үш елі де БҰҰ-ның халықаралық коалициясына кірген.

Аустралия мен Жаңа Зеландия АҚШ-тың Ауғанстандағы операцияларына, және Ирак компаниясына белсенді қатысқан.

Соңғы жылдары АНЗЮС аумақтағы халықаралық терроризммен күреседі.

Блоктың ұйымдық құрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жоғары басшы орган — Сыртқы істер министрлерінен немесе олардың орынбасарларынан тұратын Кеңес. Блокқа мүше мемлекеттердің жоғары әскери штабтарының өкілдерінен әскери комитет құрылды. Сонымен бірге, Біріккен Жоғарғы қолбасшылық, Біріккен Қарулы Күштер және блоктың тұрақты штаб-пәтері жоқ. АНЗЮС жұмыс органдарының ресми тілі — ағылшын.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998