Інжугүл
Көрініс
Інжугүл | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Convallaria keiskei
| ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||
1-3 түрі белгілі |
Інжугүл (лат. Convallaria) – қасқыржемдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Қазақстанда емен ормандарында, Жайық өзенінің аңғарында өсетін бір ғана түрі - меруертгүл (лат. Convallaria majalis) бар. Мамыр, маусым айларында гүлдейді. Биіктігі 40 см-дей, тамырсабағы бар өсімдік. Жапырағы түбіне, жер бетіне тақау өскен , қандауыр пішіндес, не сопақтау келген. Гүлі ақ, хош иісті, қоңырау тәрізді болып топтанған. Жемісі: жидек, қызыл кейде сары түсті. Бұл өсімдік дәрілік өсімдік, құрамында жүрек етін сергітетін гликозидтер бар. Гүлдей сатысында жиналады. Әсемдік өсімдік, қыста да өсіруге болады. Қызыл кітапқа енгізілген.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ ССР қысқаша энциклопедиялық-2 том-Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы-Алматы,1987-