Мазмұнға өту

Жемшөп

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Пішендеме

Жемшөп — малды азықтандыру үшін пайдаланатын өнімдер. Олар өсімдіктекті, жануартекті және минералдық болады. Жемшөп құрамында сіңімді қоректік заттар көп. Жемшөпті түсіне, исіне, дайындау әдісіне, т.б. қарап бағалайды. Өсімдіктекті жемшөпке жасыл азық, ірі азық, пішендеме, тамыр-түйнектер, техникалық дақылдардың дәнді және өсімдікті қалдықтары, құрама азық жатады. Жасыл азық (табиғи және екпе жайылым шөптері, тамыр жемістілердің жапырақтары, т.б.) жазда күйіс қайыратын малдың азық құрамын құрайды. Ірі азық (пішен, сабан, т.б.) құрамында күйіс қайыратын малдың асқорыту процесін қалыптастыратын клетчатка болады. Пішенкүйіс қайыратын малға қыста берілетін жемшөптің бірі. Пішендеме сәл кептірілген әр түрлі шөптерден дайындалады. Оны малға пішен, сүрлем орнына беруге болады. Шөп ұны бұршақ және астық тұқымдас шөптердің қоспасынан дайындалады. Ол ақуыз бен витаминге бай. Сүрлем — шырынды азық. Негізінен, қыста, ал жазда қосымша жемшөп түрінде қолданылады. Тамыр-түйнектер (қызылша, сәбіз, картоп, т.б.) мен шырынды жемістерді (асқабақ, қарбыз, т.б.) барлық малға береді. Олардың құрамында көмірсу, С витамині, каротин көп болады. Дәнді азыққа дәнді (арпа, сұлы, жүгері, т.б.) және бұршақ (бұршақ, жасымық, т.б.) тұқымдас дақылдар жатады. Дәнді дақылдарда көмірсу, негізінен, крахмал, бұршақта ақуыз (протеин) көп. өн тартқанда, май шайқағанда, қант қызылшасын өңдегенде, т.б. қалатын қалдықтар да (кебек, күнжара, сірне, сығынды, т.б.) құнарлы азық ретінде қолданылады. Жануартекті азыққа балық ұны, ет-сүйек ұны, майы алынған сүт, т.б. жатады. Бұлардың құрамында протеин, минералды заттар, витаминдер көп. Жас төлдерді, құстар мен мамық жүнді аңдарды азықтандыруда қолданылады. Минералды азықтың маңыздылары — ас тұзы, бор, әктас, сүйек ұны, т.б.

Шырынды мал азықтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шырынды мал азықтары - мал азығы ретінде пайдаланылатын құрамында ылғалы оннан жеті бөлігінен асатын өсімдіктер. Олардың қатарына көк шөп, жайылым мен шалғын оты, екпе өп, бір жылдық әрі көп жылдық астық тұқымдастары және бұршақ тұқымдас өсімдіктері, сүрлем, пішендеме, тамыржемістер, түйнекжемістер, бақша дақылдары, жом, мезга, барда, сыра қалдығы жатады. Шырынды мал азығы мал түрінің зат алмасуын үдетіп, ас қорытылуын жақсартады, сүттілігн арттырады. Шырынды мал азықтары құрамы мен қоректілігі азық түріне байланысты[1]. 2000 жылы Қазақстанда шамамен 30 млн тонна шырынды мал азықтары дайындалды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ ССР қысқаша энциклопедиялық-2 том-Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы-Алматы,1987-