Мазмұнға өту

Рианна

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Rihanna бетінен бағытталды)
Рианна
Rihanna
Сурет
Негізгі ақпарат
Туған кездегі есімі

Робин Рианна Фенти

Туған күні

20 ақпан 1988 (1988-02-20) (37 жас)

Туған жері

Барбадос

Белсенділік жылдары

2005 — осы уақытқа шейін

Мемлекет

 АҚШ

Мамандықтары

әнші, әннің авторы, продюсер, филантроп, актриса

Жанрлары

Заманауи ритм-н-блюз, Дэнсхолл, Регги

Лақап аты

Rihanna

Қызметтес болған

Бритни Спирс, Jay-Z, Шон Пол, Fabolous, Ne-Yo, Maroon 5, Джастин Тимберлейк, Тимбалэнд, T.I., Дрейк, Ники Минаж, Дэвид Гетта, Канье Уэст, Эминем, Coldplay

Лейблдері

Def Jam, SRP, Roc Nation

Ресми сайты

Рианнаның қолтаңбасы

Рианна (ағылш. Rihanna; толық аты Робин Рианна Фенти, ағылш. Robyn Rihanna Fenty; 20 ақпан 1988, Барбадос) — барбадос әншісі, музыкалық продюсер, актриса және сәнгер. Барбадостағы Сент-Майкл қаласында туылып, 16 жасында АҚШ-қа әнші мансабын бастау үшін көшіп келген. Біраздан соң Def Jam Recordings-пен келісімшарттқа қол қойды.

2005 жылы Рианна Billboard 200 альбомдарының ондығына енген Music of the Sun дебюттік жұмысын шығарды және «Pon de Replay» синглы Billboard Hot 100-де сәттілікке ие болды. Бір жылдан аз уақыт өткен соң әншінің жарыққа шыққан оның екінші студиялық альбомы, A Girl like Me (2006), Billboard альбомдар чартында алғашқы бестікке кірді. Ал «SOS» композициясы, Рианнаның Hot 100-де жетекші болған алғашқы жасаған синглы болды. Good Girl Gone Bad (2007) үшінші студиялық альбомы, төрт хит-синглді «Umbrella», «Take a Bow», «Disturbia», «Don't Stop the Music», тоғыз «Грэмми» номинациясын иеленіп, рэпер Jay-Z -дің қатысуымен «Umbrella» әні үшін «Үздік қойылым» аталымында жеңіске жетті. Оның төртінші студиялық альбомы Rated R, 2009 жылдың қараша айында жарыққа шықты; альбомдағы бірнеше ән синглдердің ондығына кірді, атап айтқанда «Russian Roulette», «Hard» және «Rude Boy», Billboard Hot 100-дегі бірінші орынға шықты. Loud (2010) бесінші студиялық альбомына үш деңгейлі синглдер кірді: «Only Girl (In the World)», «What’s My Name?» және «S&M». Talk That Talk алтыншы студиялық альбомы, 2011 жылы 18 қарашада жарық көрді және хит синглы «We Found Love», Рианнаның Hot 100-де №1 болып, 10 апта бойы үздіктер қатарында қалды. Жетінші Unapologetic альбомы, 2012 жылдың 19 қарашасында жарық көрді, оның шығуына «Diamonds» синглы себеп болды.

Рианна - 20 миллионнан астам альбом көшірмесі мен 60 миллион синглы сатылған барлық уақыттағы ең көп сатылған әртістердің бірі. Ол Billboard тарихындағы Billboard Hot 100 чартында он төрт рет бірінші орындарға шыққан ең жас әнші. 2010 жылдың наурызындағы жағдай бойынша, Рианна тек Америка Құрама Штаттарында 7,3 миллион альбом және 33,7 миллионнан астам сингл сатты. 2015 жылдың шілдесіндегі жағдай бойынша әншінің синглы 100 миллионнан астам данасы сатылды, бұл Рианна тарихта осындай көрсеткішке қол жеткізген алғашқы әртіс болды. Рианна Billboard журналы «2000 жылдардың сандық дәуірінің әртісі» атанды және 2000 жылдардың әртістері арасында 17-ші орынға ие болды. Әнші көптеген марапаттарға ие болды, соның ішінде 2007 жылы Ең Көп Сатылған Эстрада Әншісі және Жыл Әртісі номинациясы бойынша World Music Awards, сонымен қатар BRIT Awards Ең Үздік Халықаралық Әйелдер Әртісі категориясында. Рианна сегіз Грэмми сыйлығын, алты American Music Awards және Icon Award, он сегіз Billboard Music Awards-ын жеңіп алды. 2018 жылдың 20 қыркүйегінде Барбадостың АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды. 2018 жылдың соңында Рианна Forbes журналы құрған әлемдегі ең көп жалақы алатын әншілердің рейтингінде жетінші орынға ие болды. Оның 2018 жылғы табысы 37,5 миллион долларды құрады.

1988-2004: Балалық шағы және мансабының бастауы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Рианна 1988 жылы 20 ақпанда Барбадостың Сент-Майкл округінде дүниеге келген. Ол – бухгалтер болып жұмыс істеген Моника Брэйтуэйт (ағылш. Monica Braithwaite) пен киім фабрикасындағы қойма инспекторы Рональд Фентидің (ағылш. Ronald Fenty) тұңғыш қызы[1]. Анасы Гайана тумасы болса, әкесі барбадостық және ирландиялық түбірге ие[2]. Рианнаның Рорри мен Раджад Фенти есімді екі інісі бар[3]. Сонымен қатар, әкесінің бұрынғы қарым-қатынастарынан туған екі әпкесі мен бір ағасы бар[4]. Балалық шағында ол регги музыкасының әсерінде өсіп, жеті жасынан бастап ән айта бастады[3]. Әкесі нашақорлыққа жақын болған соң Рианнаның балалық шағы қиындықтарға толы болды. Оның ата-анасы Рианна 14 жасқа толғанда ажырасып кетті[1]. Рианна Бриджтаундағы үш бөлмелі қарапайым үйде өсіп, әкесімен бірге базарда киім сатып жүрді[5]. Ол Charles F. Broome Memorial School бастауыш мектебінде, кейін Combermere School орта мектебінде білім алды[3]. Мектеп кезінде Рианна достарымен бірге музыкалық трио құрды. Ол сондай-ақ Барбадос әскери дайындығы бағдарламасына қатысып, болашақ әнші Шонтельден әскери жаттығулар алған[6]. Алайда, ол музыкаға толықтай көңіл бөлу үшін мектепті тастауға шешім қабылдады[7].

2003 жылдың желтоқсанында Рианна америкалық продюсер Эван Роджерспен (Evan Rogers) танысты. Роджерс демалыс күндерін Барбадоста өткізбек болып, өзімен бірге жұбайын ертіп келген. Жергілікті таныстары арқылы оның әйелі Рианнамен жолығып, жас талантты Эван Роджерспен кездестіруге шешім қабылдады[8]. Рианна екі құрбысымен бірге Роджерстің қонақүйінде өткен тыңдалымға қатысты. Ол кезде олар қыздар тобының құрамында өнер көрсетіп жүрген еді[9]. Кейінірек Роджерс: «Рианна бөлмеге кірген сәтте-ақ, басқа екі қыз жай ғана жоқ болып кеткендей болды», – деп еске алды. Тыңдалым кезінде Рианна Destiny’s Child тобының «Emotion» әнін орындады[3]. Роджерс жас әншіге тәнті болып, оны Нью-Йоркке шақырып, серіктесі Карл Старкенмен бірнеше ән жазуды ұсынды. Сонымен қатар, ол Рианнаның анасымен кездескісі келетінін айтады[10].

16 жасында ол Мэрайя Кэридің "Hero" әнін шырқап, мектептегі Miss Combermere сұлулық байқауында және шығармашылық байқауда жеңіске жеткен.[11] Келесі жылы Рианна анасымен бірге Роджерске Коннектикут штатының Стамфорд қаласына барып жүрді. Старкеннің көмегімен ол "Last Time" балладасын, Уитни Хьюстонның "For the Love of You" әнінің мұқабалық нұсқасын және оның алғашқы хиті болған "Pon de Replay" композициясын қамтитын төрт әннен тұратын демонстрация жазды.[12] Оқуына байланысты Рианна студияда тек жазғы және Рождество мерекелерінде пайда болды, сондықтан демо жазбаларды жасау үшін бір жыл қажет болды.[3]

2005 жылы Эван Роджерс Рианнаның демо-жазбасын әртүрлі музыка лейблдеріне жібере бастады[3]. Көшірмелерінің бірі Def Jam Recordings студиясына жетті.A&R-менеджері Джей Браун демо-жазбаны тыңдап, оны сол кездегі компания президенті Jay-Z-ге көрсетті[13]. Jay-Z «Pon de Replay» әнін алғаш естіген кезде күдікпен қарады, өйткені оның ойынша, ән өте күшті болғанымен, орындаушының есінде қалуы екіталай еді. Ол: «Тыңдармандар әнді ғана есте сақтап, орындаушыны ұмытып кетуі мүмкін. Мен әндермен емес, әртістермен келісімшартқа отырамын», – деп мәлімдеді[13]. Def Jam – Рианнаға бірінші болып жауап берген лейбл болды. Оны тыңдалымға шақырды, онда ол «For the Love of You» әнін орындап, Jay-Z мен Антонио Л. Рид (Island Def Jam Music Group) алдында өнер көрсетті[11]. Тыңдалымнан кейін сол күні-ақ келісімшартқа қол қойды және басқа лейблдермен кездесулерін тоқтатты[12]. 2005 жылдың ақпанында Def Jam-пен келісімшартқа отырғаннан кейін, Рианна АҚШ-қа қоныс аударды және Роджерс пен оның жұбайының үйінде тұрды. Ол өзінің сахналық аты ретінде Рианна есімін таңдады, өйткені бұл атау оның мансабында 2005 жылы студияда пайда болған қарапайым лақап ат қана еді[14].

2005—2006: Music of the Sun және A Girl like Me альбомдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Def Jam Recordings лейблімен келісім-шартқа отырғаннан кейін Рианна келесі 3 айды студияда дебюттық альбомын жаза отырып өткізді.[13] Рианнаның алғашқы студиялық альбомын жасауға Эван Роджерс, Карл Старкен, Stargate және Poke & Tone секілді продюсерлер қатысты.[15] Ол алғаш рет рэпер Memphis Bleek-пен бірге жұмыс істеп, оның төртінші студиялық альбомы 534 үшін жазылған тректердің біріне қатысқан. Бұл альбом Рианнаның дебюттік жұмысынан бұрын жарық көрді. 2005 жылдың 22 тамызында Рианна өзінің алғашқы синглі «Pon de Replay» әнін шығарды. Ән Billboard Hot 100 және UK Singles Chart чарттарында екінші орынға дейін көтерілді[16]. Бұл әні дүниежүзілік хитке айналып, 15 елдің үздік ондығына енді. 2005 жылдың тамызында Рианнаның Music of the Sun атты алғашқы альбомы АҚШ аумағында шығарылды[17]. Лонгплей Billboard 200 чартында 10-орынға көтеріліп, алғашқы аптасында 69 000 дана сатылды.[18] Альбом әлем бойынша 2 миллион данамен сатылып, RIAA ұйымының алтын сертификатын алды[19].

Жеке өмірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2009 жылы хип-хоп орындаушысы Крис Браун Рианнаға шабуыл жасап, кейін полицияға өзі берілді. Сот үкімімен Браунға қоғамдық жұмыстар мен бес жыл шартты жаза тағайындалды. Кейіннен ол бұл әрекеті үшін өкініш білдіріп, бұрынғы сүйіктісінен кешірім сұрады.[20]

Осы оқиғадан кейін Рианна бірнеше татуировка жасатты, олардың ішінде қабырғаларындағы шағын тапаншалар, мойнындағы «Never a failure, always a lesson» («Қателік емес, сабақ») жазуы, сондай-ақ әртүрлі символдар мен жазулар бар. 2014 жылы Жаңа Зеландияда сапарда болған кезінде соңғы татуировкасын – маори тайпасының өрнегін қолына салдырды.[21]

Браунмен ажырасқаннан кейін Рианна Лос-Анджелес Доджерс клубының ойыншысы Мэтт Кемппен, Джей Ар Смитпен және әнші Ашермен қарым-қатынаста болды. 2012 жылы ол Крис Браунмен қайта қосылып, 2013 жылы қайта ажырасты.[22]

Кейінгі жылдары ол рэпер Дрейкпен кездескені туралы қауесеттер тарады. 2017 жылдың қаңтарында Рианнаның саудиялық миллиардер Хассан Джамильмен кездесіп жүргені белгілі болды. Алайда, 2020 жылдың қаңтарында олардың қарым-қатынасы аяқталды.[23]

2021 жылы рэпер A$AP Rocky Рианнамен кездесіп жүргенін растады. 2022 жылы 31 қаңтарда жұптың алғашқы сәбилерін күтіп отырғаны жарияланды. 2022 жылы 19 мамырда олардың тұңғыш ұлы дүниеге келді.[24]

2023 жылдың 12 ақпанында, Супербоул LVII финалындағы концерт барысында Рианна екінші рет жүкті екенін хабарлады. 2023 жылы 1 тамызда олардың екінші ұлы Riot Rose Mayers (Рает Роуз Майерс) дүниеге келді.[25]

Дипломатиялық қызметі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Рианна 2018 жылдың 20 қыркүйегінде Барбадостың Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Дискография

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Music of the Sun (2005)
  • A Girl like Me (2006)
  • Good Girl Gone Bad (2007)
  • Rated R (2009)
  • Loud (2010)
  • Talk That Talk (2011)
  • Unapologetic (2012)
  • Anti (2016)

Фильмография

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жыл Қазақша атауы Түпнұсқа атауы Рөлі
2006 Жетістікке қол жеткізу: Барлығы немесе ештеңе Bring It On 3: All or Nothing камео
2012 Теңіз шайқасы Battleship Кора Рейкс
2012 Кэти Перри: Менің бір бөлігім Katy Perry: Part of Me камео
2013 Әлемнің соңы 2013: Голливудтағы апокалипсис The End of the World камео
2014 Энни Annie Ай Құдайы
2015 Үй Home Дар
2015 Көршіңді жақсы көр Love Thy Neighbor Рианна
2016 Дәрігер Кен Dr. Ken Лоррейн
2017 Валериан және Мың Ғаламшар Қаласы Valérian and the City of a Thousand Planets Баббл
2017 Бейтс Мотелі Bates Motel Мэрион Крэйн
2018 Мұхиттың Сегізі Ocean's Eight Тоғызыншы
2019 Гуава Аралы Guava Island Kofi Novia
  • Rihanna: Live in Concert Tour (2006)
  • Good Girl Gone Bad Tour (2007—2009)
  • Last Girl on Earth Tour (2010—2011)
  • Loud Tour (2011)
  • Diamonds World Tour (2013)
  • The Monster Tour (Эминеммен) (2014)
  • Anti World Tour (2016)

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b Rihanna: Biography – Part 1 & 2. People.
  2. Spivey, Lisa. Rihanna, The New Cover Girl (қаңтар 2007), бет  B.5.
  3. a b c d e f Watson, Margeaux (2007-06-22). "Caribbean Queen: Rihanna". Entertainment Weekly. Archived from the original on 2014-10-21. https://web.archive.org/web/20141021171420/http://www.ew.com/ew/article/0,,20043393,00.html. Retrieved 2008-11-27. 
  4. Leigh, David. Rihanna's secret family, The Sun (16 сәуір 2011). Тексерілді 21 шілденің 2011.
  5. Samson, Pete Rihanna's father reveals the singer's early life in Barbados. The Sun (21 қаңтар 2011).
  6. Talking Shop: Shontelle, BBC News (5 наурыз 2009). Тексерілді 5 наурыздың 2009.
  7. DePaulo, Lisa. Good Girl Gone Badass, GQ (қаңтар 2010). Тексерілді 27 шілденің 2011.
  8. Paton, Maureen. The dark secret in raunchy pop sensation Rihanna's past, Daily Mail (21 қараша 2007). Тексерілді 9 шілденің 2011.
  9. Bryant, Tom Rihanna: I grew up with crack addict dad. The Sun (18 желтоқсан 2007).
  10. Patterson, Sylvia Singing in the rain. The Guardian (26 тамыз 2007).
  11. a b Eells, Josh. Rihanna, Queen of Pain: Rolling Stone's 2011 Cover Story, Rolling Stones (6 маусым 2011). Тексерілді 20 шілденің 2011.
  12. a b Jones, Steve. Rihanna has her day in the sun, USA Today (1 тамыз 2005). Тексерілді 23 мамырдың 2009.
  13. a b c Reid, Shaheem. Jay-Z's Picks: Teairra Mari, Rihanna, Ne-Yo, MTV. Тексерілді 8 ақпанның 2009.
  14. Eells, Josh. Rihanna, Queen of Pain: Rolling Stone's 2011 Cover Story, Rolling Stones (6 маусым 2011). Тексерілді 20 шілденің 2011.
  15. Cinquemani, Sal. Rihanna: Music Of The Sun | Music Review, Slant Magazine (31 тамыз 2005). Тексерілді 29 мамырдың 2009.
  16. "Artist Chart History – Rihanna". Billboard. Archived from the original on 2008-07-28. https://web.archive.org/web/20080728075941/http://www.billboard.com/bbcom/retrieve_chart_history.do?model.vnuArtistId=658897&model.vnuAlbumId=933955. Retrieved 2009-02-06. 
  17. "Billboard.com  – Discography  – Rihanna  – Music of the Sun". Billboard. Archived from the original on 2008-06-09. https://web.archive.org/web/20080609193255/http://www.billboard.com/bbcom/discography/index.jsp?pid=658897&aid=723346. Retrieved 2009-05-27. 
  18. "Artist Chart History – Rihanna". Billboard. Archived from the original on 2008-04-13. https://web.archive.org/web/20080413110406/http://www.billboard.com/bbcom/retrieve_chart_history.do?model.chartFormatGroupName=Albums&model.vnuArtistId=658897&model.vnuAlbumId=933955. Retrieved 2009-02-06. 
  19. RIAA – Gold & Platinum. Recording Industry Association of America.
  20. CNN Chris Brown pleads guilty to assaulting Rihanna (22 маусым 2009).
  21. Rolling Stone Rihanna Debuts Maori Tribal Hand Tattoo (9 қазан 2013).
  22. Billboard Rihanna & Chris Brown Break Up Again (29 сәуір 2013).
  23. Harper’s Bazaar Why Rihanna and Hassan Jameel Broke Up (22 қаңтар 2020).
  24. TMZ Rihanna and A$AP Rocky Welcome Baby Boy (19 мамыр 2022).
  25. Vanity Fair Rihanna and A$AP Rocky Welcome Baby Boy Riot Rose (22 тамыз 2023).