Google іздеу
Google іздеу (сонымен қатар Google Search немесе Google.com) — Google басқаратын іздеу жүйесі. Ол пайдаланушыларға интернеттен кілт сөздер мен тіркестер көмегімен ақпарат іздеуге мүмкіндік береді. Google Search іздеу сәйкестігіне қарай веб-сайттарды талдау және рейтинг құрау үшін алгоритмдерді пайдаланады. Ол — әлемдегі ең танымал іздеу жүйесі.
2020 жылғы жағдай бойынша “Google Search” ғаламдық іздеу жүйесі нарығының 92% үлесіне ие.[1] 2012 жылға қарай ол күніне 3,5 миллиардтан астам іздеуді өңдеді.[2] Google іздеу — дүние жүзі бойынша қолданушылар ең көп кіретін веб-сайт. «Similarweb» ұсынған деректерге сәйкес Google ай сайынғы жаһандық трафиктің шамамен 26,75%-ы АҚШ-тан, 4,44%-ы Үндістаннан, 4,4%-ы Бразилиядан, 3,92%-ы Ұлыбританиядан және 3,84%-ы Жапониядан келеді.[3]
Іздеу терминдерінің жиілігін талдау экономикалық, әлеуметтік және денсаулық тенденцияларын көрсетуі мүмкін.[4] Google-де іздеу терминдерін пайдалану жиілігі туралы деректерді Google Trends арқылы ашық сұрауға болады. 2016 жылдың ортасынан бастап Google іздеу жүйесі терең нейрондық желілерге сүйене бастады.[5]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Search Engine Market Share Worldwide | StatCounter Global Stats (ағыл.). StatCounter Global Stats.
- ↑ Google Search Statistics - Internet Live Stats (ағыл.). internetlivestats.com.
- ↑ google.com (ағыл.). similarweb.com.
- ↑ Hubbard, Douglas Pulse: The New Science of Harnessing Internet Buzz to Track Threats and Opportunities — John Wiley & Sons, 2011.
- ↑ Soon We Won't Program Computers. We'll Train Them Like Dogs (ағыл.). Wired.