Өрмекші кенелер
Өрмекші кенелер | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Subfamilies & tribes | ||||||||||||||
Bryobinae Berlese
Tetranychinae Berlese
|
Өрмекші кенелер (лат. Tetranychidae) – өрмекшітәрізділер класының бір тұқымдасы. Табиғатта кең тараған. Қазақстанның барлық аймағында кездесетін 5 түрі (қауіптілері: кәдімгі Өрмекші кенелер, жемістің қызыл кенесі, бақтың Өрмекші кенелері) бар. Денесі түкті, ұзындығы 0,3 – 0,5 мм, түсі сарғылт-жасыл, қоңыр, аузы соруға бейім. Бұлардың құрсағында орналасқан өрмекші бездері өрмек жібін шығарады. Өсімдіктердің жапырағын өрмек жібімен шырмап, шоғыр құрып тіршілік етеді. Өрмекші кенелер мақта, бақша дақылдары, соя, жылыжайдағы қиярға көп зиян келтіреді. Күзде ұрықтанған ұрғашысы қыстап шығып, көктемде темп-ра 12С-тан асқанда, тіршілігін бастап, маусым – тамыз айларында көбейеді. Бір маусымда 18 – 24 ұрпақ береді, ұрпағы 10 – 25 күнде дамып жетіледі. Егіс маңындағы арам шөп пен ағаштан жел, су арқылы екпе дақылдарға таралады. Күрес шаралары: агротех. шаралар (ауыспалы егіс, күзде өңделген жерді терең жырту) мен химия, биологиялық әдістерді тиімді қолдану, мақта егісіне метилмеркаптофос, формамид, бау-бақша, баққа коллоидты күкірттің 1,5% суспензиясын бүрку. Парник, жылыжайларда биологиялық әдіс ретінде жыртқыш кене фитосепулюс өсіріледі.[1]
Пайдаланылған әдебиеттер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ "Қазақ Энциклопедиясы"
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |