Мазмұнға өту

Үндіқытай түбегі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Үндіқытай бетінен бағытталды)

Үндіқытай түбегі
фр. Indochine
Үндіқытай 1886 жыл
Үндіқытай 1886 жыл
Сипаттамасы
Ауданы2 413 620 км²
Ең биік нүктесі3053 м
Орналасуы
16° с. е. 101° ш. б. / 16° с. е. 101° ш. б. / 16; 101 (G) (O) (Я)Координаттар: 16° с. е. 101° ш. б. / 16° с. е. 101° ш. б. / 16; 101 (G) (O) (Я) (T)
Түбекті шаятын акваторияларБенгал шығанағы, Андаман теңізі, Оңтүстік Қытай теңізі
Елдер Мьянма
 Тайланд
 Лаос
 Вьетнам
 Камбоджа
 Малайзия
 Бангладеш
Үндіқытай түбегі (Азия)
Үндіқытай түбегі
Үндіқытай түбегі Ортаққорда

Үндіқытай түбегіОңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан түбек.

Ауданы 2 млн. км2. Батысында Бенгал шығанағы, Андаман теңізі және Малакка бұғазымен, шығысында Оңтүстік Қытай теңізі, Сиам және Бакбо шығанақтарымен қоршалған. Үндіқытай түбегінде Вьетнам, Таиланд, Камбоджа, Лаос елдерінің жерлері және Малайзия мен Бирманың біраз бөлігі орналасқан. Аумағының көп бөлігі таулы, жоталар негізінен бойлық бағытта орналасқан. Батысында қатпарлы-жақпарлы Аракан тауы (Виктория тауы, 3053 м), орталық бөлігінде Шан таулы қыраты және Танентаунджи жотасы, шығысында Чыонгшон тауы, оңтүстігінде Корат үстірті және аллювийлі Иравади, Менам және Камбоджа жазықтары жатыр. Климаты субэкваторлық, экваторлық. Орташа температура қаңтарда 20 — 26℃, шілдеде 27 — 29℃. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1000 — 3000 мм.

Ірі өзендері Иравади, Салуин, Менам-Чао-Прая, Меконг. Тропиктік орман және саванна өседі. Қалайы және вольфрам кентастарының дүние жүзіндегі ең ірі қоры шоғырланған.

Үндіқытай: Қою жасыл: әрқашан қосылған, ақшыл жасыл: әдетте қосылған, қызыл: кейде қосылады.
Үндіқытай аймағы (биология): қою және ақшыл жасыл.

Үлгі:Asia-stub