Шизофрения

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Шизофрениямен ауыратын адамдар. Эмоция сәйкестігі тапсырмасын орындауда қиналады

Шизофрения (лат. schizophrenia, көне грекше: σχιζοφρένεια, σχιζο – бөлемін және φρέν – парасат.) – созылмалы психикалық ауру.

Аурудың себептері мен белгілері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шизофренияның пайда болу себебі әрі толық зерттелмеген, дегенмен шизофрения әртүрлі жағдайдың, түрлі аурулардың адам психикасына әсер етуіне байланысты пайда болады деген ұғым бар. Ауру кейде ұзақ, кейде ұстамалы түрде тез өтеді. Шизофрения негізінде жоғары жүйке жүйесі қызметінің бұзылуынан болады. Шизофрения кезінде сандырақ, галлюцинация, еліру, мелшиіп қозғалмай қатып қалу сияқты психикалық өзгерістер аурудың үдеуіне қарай күшейе түседі. Ауру күшейген кезде науқас сөйлеспейді, оның ой-сезімі, түсінігі өзгереді, сөйлеген сөзі, айтқан пікірі басқаларға түсініксіз болады. Шизофренияның белгілері кейде өте тез айқын білінсе, кейде өте баяу бірнеше жылдан кейін байқалуы мүмкін.

Аурудың түрлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шизофренияның кататоникалық, параноидты, қарапайым және басқа түрлері бар.

Кататоникалық шизофрения

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кататоникалық шизофренияда науқас қозғалмай, қимылсыз, мелшиіп қалады. Ал, кейде керісінше кенет күйзеліп жылап, не қатты күліп мағынасыз сөйлейді.

Параноидты шизофрения

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Параноидты шизофрения кезінде науқас мезгіл-мезгіл сандырақтайды. Әртүрлі елес пайда болып, соған еліктеп бет-әлпетін өзгертіп сөйлейді, күледі.

Қарапайым формасы шизофрения

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қарапайым шизофрения көбіне балиғатқа толу кезінде жасөспірімдерде жиі байқалады, ешқандай себептен сабақтан үлгеруі төмендейді, мінез-құлқы өзгереді, бұрын байқалмайтын қиял, арман пайда болады. Кейде керісінше ерекше көңілденіп, ретсіз сөйлеп, бет пішінін өзгертеді.

Ауруға шалдығатындар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шизофрениямен 15–25 жастағы жастар, 40–60 жас аралығындағы адамдар жиі ауырады.

  • Инсулин қолданып ұзақ уақыт ұйықтату;
  • Дәрі-дәрмек және еңбекпен емдеу;
  • Психиатр – дәрігерледің бақылауында болу.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет энциклопедиясы. 6 том.