Цитра
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Цитра (нем. Zіther, грек. kіthara — кифара) — ішекті шертпелі музыка аспабы.
- 18 ғ-дың соңында Еуропада, соның ішінде Германия мен Австрияда кең тараған.
- 19 ғ-дың 2-жартысына қарай Ресейде де көрініс тапты.
Ағаштан жасалған Цитраның жалпы тұрқы төртбұрышты кейде трапец. пошымда болып келіп, үстіңгі қақпағының бетінен 4 — 5 сым ішек тағылады. Музыкашы оң қолының бас бармағына киіп алған плектрмен осы сым ішектерді іліп-қағып ойнау арқылы дыбыс шығаратын болған, ал қалған саусақтарымен Цитраның мойынтағынан тыс тартылған 24 — 39 ішекті тартады. Қазіргі заманда Цитра көп елдерде кеңінен тарап, бұқаралық сипат алған.
Ciлтемелер :
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, XVIII том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |