Хара балдырлары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Хара балдырлары
Үлгі:Bt-ruslat
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Тегі: Chara fragilis
L.

Хара балдырлары (лат. Charóphyceae) әлемде жалғыз балдырлар мен жоғарғы класс өсімдіктерінің қасиеттерін бойына сақтап қалған ежелгі өсімдіктердің бірі.

Хара балдырлары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Хара балдырларының (харофиттер) сыртқы көрінісінде басқа балдырлармен салыстырғанда көп ерекшеліктер бар. Сыртқы көрінісіне қарап суда өсіп тұрған қырықбуын екен деп қаласын. Шын мәнінде, қырықбуынға сырттай ұқсағанымен оған ешқандай қатысы жоқ.

Биологиялық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Хара балдырларында сабақ та, жапырақ та, тамыр да болмайды, тармақталып жан-жағына таралып жататын нағыз көп жасушалы талломы болады. Хара балдырлары тоғандарда тұрып қалған көлшіктерде ізбесі (әк) молырақ суларда қалың болып ұйылып өседі. Су түбіне түссіз өсінділері- ризоидтары арқылы бекінеді. Талломның биіктігі 20-30см, кейде 1 метрден де асып кетеді. Талломы буын және буынаралығынан тұрады, буындарында жіп тәрізді, жіңішке тарамдалған өсінділері топтанып орналасады. Талломындағы жасушалары біркелкі емес, бірі ұзын, екіншісі қысқа. Басқа балдырлардын тағы бір айырмашылығы жыныс мүшелері көп жасушалы. Атылық жасушаы-антеридий, аналық жасушасы-оогоний деп аталады. Олар топтанып орналасқан талломның қолтығына (антеридиі үстіңгі жағына) бекінеді.

Негізгі қасиеті

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Хара балдырларының ооспораларында крахмал мен май тамшылары көп болады, сондықтан су құстарына өте құнды қорек болып есептелінеді.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998