Мазмұнға өту

Флотилия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Флотилия

  1. кейбір елдердің әскери-теңіз күштеріндегі оперативтік бірлестік немесе құрама. Қолданылуына байланысты жеке немесе флот құрамында болады. Белгілі бір теңіз, өзен немесе көл ауданындағы әскери міндеттерді орындайды. Флотилия кемелер мен авиация құрамаларынан, теңіз жаяу әскері бөлімдерінен, сонымен бірге флотилияның жауынгерлік және күнделікті әрекет ету қызметтерінен тұрады. Қазақстанның Теңіз Флотилиясы шекарашылармен біріге отырып, Каспий жағалауы арқылы өтетін мемл. шекараны күзетеді (қ. Әскери-теңіз флоты).
  2. Кейбір мемлекеттердегі (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, т.б.) тактика құрама. Екі немесе одан да көп эскадралардан (немесе дивизионнан), сүңгуір қайықтардан, эскадралы миналы кемелерден, ракеталық немесе торпедолық катерлерден, тралшылардан, сонымен бірге басқа да кемелерден тұрады.
  3. Кейбір мемлекеттердегі (Франция әскери-теңіз күштері, т.б.) атомды ракеталық стратегия мақсаттағы сүңгуір қайықтарының оперативтік бірлестігі. 4) Кәсіптік, экспедиция немесе спорттық кемелердің құрамасы.