Фельдмаршал

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Фельдмаршал (нем. Feldmarschal(k)) – құрлық әскерлеріндегі жоғары әскери атақ. 16 – 19 ғасырларда кейбір Батыс Еуропа мемлекеттерін де (Ұлыбритания, Пруссия, Германия, АвстрияВенгрия, т.б.) жоғары генералдық шен дәрежесінде болды. Ол басқа елдердегі маршал атағына сай келді. Алғаш рет 16 ғасырда Австрияда, 17 ғасырда Пруссияда, 1699 жылы Ресейде (1917 жылы жойылды) енгізілді. Бұл атақ соғысты шебер жүргізген армияның бас қолбасшыларына, көрнекті әскери және мемлекет қайраткерлеріне, сондай-ақ кейбір шетел әскери қайраткерлеріне берілген. 1699 – 1917 жылы Ресейде барлығы 62 Фельдмаршал болды. Фельдмаршал атағы Ұлыбританияда және кейбір Еуропа елдерінде қазір де сақталып келеді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]