Фейеноорд
Фейеноорд | |||
Толық атауы |
Feyenoord Rotterdam | ||
---|---|---|---|
Құрылған жылы | |||
Стадионы | |||
Сыйымдылығы |
21 177 | ||
Президенті | |||
Бас жаттықтырушы | |||
Капитаны | |||
Жарыс | |||
2021/22 |
3. | ||
Формасы | |||
| |||
Футболдан Нидерланд чемпионаты 2017/18 | |||
Фейеноорд (нидерл. Feyenoord [ˈfɛi̯əˌnoːrt]) — Роттердам қаласындағы Нидерланд футбол клубы. "Аякс" және ПСВ клубтарымен бірге елдегі үздік үш команданың бірі. Өз алаңындағы матчтарын Роттердамдағы "Фейеноорд" стадионында өткізеді.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Клуб 1908 жылы құрылды. Әуелі "Вильхелминал" Роттердам деп аталды, сосын "Хиллеслейсе", одан соң РВВ «Селеритас» боп өзгерді. 1912 жылы Роттердам ауданының құрметіне "Фейеноорд" деп атала бастады. Тұңғыш рет 1917 жылы Нидерландының жоғары тобына жолдама алды. Жеті жыл өткен соң ел чемпионы атанды.
Еуротурнирлерде бірнеше рет топ жарды: 1970 жылы УЕФА Чемпиондар кубогін ұтып алды, 1974, 2002 жылы УЕФА Кубогінде топ жарды. Айта кетейік, 2002 жылғы УЕФА Кубогінің финалы "Де Кейп" стадионына белгіленген болатын. Осылайша финалды өз алаңында өткізген роттердамдықтар "Боруссия Дортмундпен" өткен тартысты ойында 3:2 есебімен жеңіске жетіп, екінші рет УЕФА Кубогін иемденді.
Сол жылы тамызда Еуропа Суперкубогінде Мадридтің "Реалынан" 1:3 есебімен ұтылып қалды. Ал, әлемдің деңгейдегі табысы ретінде, 1970 жылғы Құрлықаралық кубогын айтуға болады.
Жетістіктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Нидерланд чемпионы (16): 1923/24, 1927/28, 1935/36, 1937/38, 1939/40, 1960/61, 1961/62, 1964/65, 1968/69, 1970/71, 1973/74, 1983/84, 1992/93, 1998/99, 2016/17, 2022/23.
- Нидерланд кубогы (14): 1930, 1935, 1965, 1969, 1980, 1984, 1991, 1992, 1994, 1995, 2008, 2016, 2018, 2024.
- Нидерланд суперкубогы (4): 1991, 1999, 2017, 2018.
- УЕФА Чемпиондар кубогы (1): 1970
- УЕФА кубогы (2): 1974, 2002
- Құрлықаралық кубок (1): 1970