Су жаңғағы
Су жаңғағы (чилим)— суда өсетін бір жылдық өсімдік. Жапырағы ромб пішіндес, қабығы қалың, жылтыр, сағағы жуан. Жапырағының бір бөлігі суға батып тұрады. Гүлдейтін кезде өсімдік тұтасымен су бетіне шығады. Ұсақ ақ түсті гүлдері жапырақ қолтығына орналасады. Ұрықтанып болғаннан кейін өсімдік су астына түседі. Жемісі су астында дамып, піседі. Жемісі — қара қоңыр, қатты жаңғақ. Әр жаңғақтық 2—4 ірі сояуы және бірнеше ұсақ тікендері болады. Қабығы мен сояуы өте қатты, шірімейді. Жаңғақ ішінде ақ түсті ұн сияқты ұнтақ дәні болады. Су жаңғағы еліміздің Европалық бөлігінде, Сібірде, Қиыр Шығыста, Каспий теңізі жағалауында, Кавказ бен Орта Азияда, әсіресе Волга өзенінің сағаларында, көптеп кездеседі. Дәнінің дәмі талшынның дәміне ұқсас. Су жаңғағы шикілей пісірілген және қайнатылған түрінде тәтті тағам ретінде желінеді. Жемісінің құрамында крахмал, май және минералдық заттар бар.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |