Ситуациялық комедия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ситуациялық комедия немесе қысқаша ситком (ағылш. situation comedy, sitcom) — негізгі кейіпкерлері тұрақты болып келетін және киноның әрекет ету орыны да тұрақты болатын комедиялық радио және телебағдарламалардың жиынтығы. Алғашында АҚШ-та 1920 жылдары пайда болған, 1970 жылдарға қарай ситком телехикаяларда өз бетінше бір жанр болып қалыптаса бастады. Телевизиялық ситкомдар үшін белгілі бір анықталған уақыт форматы айқындалған - әдетте ол титрлар мен жарнаманы қосқанда 20-30 минуттай болады.

Алғашқы ситкомдар көрермендер алдында студияда түсірілген, сондықтан ситком болғанда кадрдың сырт жағында күлкілі сәттерінде күлкілер естіледі.

Жанрдың тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

"Ситуациялық комедия" немесе "ситком" терминдері 1950 жылдарға дейін қолданылған жоқ. Радиохабарларда ситкомға ұқсас қойылымдар болып жүрді, ал алғашқы телевизиялық ситком ретінде "Пинрайдтың прогресі" (ағылш. Pinwright's Progress) қойылымы есептеледі, оның 10 эпизоды Ұлыбританияда 1946-1947 жылдар аралығында BBC арнасында таратылған. АҚШ-та 20-дан астам ситкомдарды қойған режиссер, продюсер Уильям Ашер "ситкомды ойлап тапқан адам" ретінде белгілі.[1][2]

Қазақстанда түсірілген ситкомдар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстандағы ситкомдарда көбіне КТК ойынынан шыққан актерлер продюсерлік етеді. Мысалы Нұрлан Қоянбаев Базарбаевтар телехикаясына продюсерлік етті. Ол туралы ол "Жұлдыздар отбасы" журналына берген сұхбатында былай дейді:

- «Бұл телетоптаманы қолға алмас бұрын, біз үлкен дайындықтан өттік, - дейді жоба продюсері. – Айталық, «Әзіл студио» жобасында белгілі бір тақырыпты бірер минуттың ішінде ашып беру басты мақсат болса, ситком мұндай жеңіл күлкі, жеңіл әзілге илікпейді. Яғни, мұнда тұрақты кейіпкерлер, белгілі бір оқиғалар тізбектеліп, әзілдер де соған сай өріліп отыруы тиіс. Сондықтан, КВН-ді де, телевизиядағы басқа жобаларды да осы ситкомның алдындағы дайындық, өзімізді шыңдау мектебі болды деп айта аламыз».[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. https://www.comedy.co.uk/tv/pinwrights_progress/
  2. Lewisohn, Mark (2003). "Radio Times Guide to TV Comedy". BBC Worldwide Ltd.
  3. https://massaget.kz/blogs/1566/