Свердловск облысы
Ресей Федерациясының субъекті, облыс | |||||
Свердловск облысы | |||||
орыс. Свердловская область | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел | |||||
Федералды округі | |||||
Экономикалық ауданы | |||||
Әкімшілік орталығы | |||||
Үкіметі | |||||
Губернаторы | |||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Жер аумағы |
194 226 км² км² (17-ші орын) | ||||
Уақыт белдеуі |
UTC+5:00 (Екатеринбург уақыты, МСК+2) | ||||
Ірі қаласы | |||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ · орын · жан басына |
2 277,6 млрд. ₽ (2018) | ||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
▼ 4 264 340 адам (2022)(5-ші орын) | ||||
Тығыздығы |
21,96 адам/км² | ||||
Ұлттық құрамы |
орыстар (90,6%) | ||||
Ресми тілі | |||||
Сандық идентификаторлары | |||||
ISO 3166-2 коды |
RU-SVE | ||||
ОКАТО коды |
65 | ||||
РФ субъекті коды} |
66 | ||||
Свердловск облысы (орыс. Свердло́вская о́бласть) — Ресей әкімшілік бірлігі, Орал федералды округінің құрамына кіреді. Облыс орталығы — Екатеринбург қаласы.
Географиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Облыс Орал таулары жүйесінің солтүстік және орта жағының көбісін және Батыс Сібір жазығын алып тұр.
Ең биік шыңдары Солтүстік Орал жақтарда: Конжаковский Камень (1,569 м) және Денежкин Камень (1,492 м). Орта Орал жақтарда биік нүктелер жоқ. Өзендер ішінен Тавда, Тура, Чусовая мен Үфі өзендерін айтуға болады.
Свердловск облысы Пермь өлкесімен, Коми Республикасымен, Ханты-Манси автономиялық округімен, Түмен, Қорған мен Челябі облыстарымен және Башқұртстанмен шектеседі.
Табиғи ресурстары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Табиғи ресурстарға бай Свердловск облысы өзінің металдары (темір, мыс, алтын, платина), минералдары (асбес, асыл тастар, тальк), мәрмәрі және көмірі үшін танымал.
Климаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Облыстың климаты — континенттік, ұзақ, суық қыстары (орташа температура −15 °C-тен Батыс Сібір жазығында −25 °C-ге дейін жете алады) мен қысқа, жылы жаздары бар. Облыстың тек оңтүстікшығысында ғана температура шілде айында +30 °C-ға жетеді.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Облыстың жерінде адам баласы ежелден бері мекендейді. Осыны дәлелдейтін түрлі ежелгі қоныстар мен жасандызаттар табылған. 1890 жылы Свердловск облысында археологтар Калата (қазіргі Кировград) маңында 11 мың жылғы (мезолиттік) Шигир идолын тапты.
Калмацкий Брод (Қалмақ Броды) маңында табылған ежелгі зират пен елді-мекен Исеттің оң жағалауында орналасқан және сарматтардың заманына (б.з.б. III ғасырдан б.з.д. II ғасырға дейін) мерзімделеді. «Калмацкий Брод» қорымында қаңқалардың бас сүйектері қысып байланғандығынан қатты деформацияланған, бұл солтүстік даладағы табиғи элементтердің болғанын дәлелдейді.
1780 мен 1796 жылдардың реформаларында қазіргі Свердловск облысының жерінде Пермь мен Тобыл губерниялары пайда болды.
Свердловск облысының өзі тек 1934 жылдың 17 қаңтарында ғана ұйымдастырылды. Ол Орал облысының жерінен бөлінген болатын.
Облысты индустриялау мақсатымен көптеген ескі зауыт-фабрикалар қайта құрылды, соның ішінде «Уралмашзавод», «Уралэлектротяжмаш», «Уралвагонзавод» пен Төменгі Тагилдегі Төменгітагил металлургиялық комбинаты, Первоуральск пен Каменско-Уральсктағы труба зауыттары, Красноуральск пен и Среднеуральск мыс қорыту комбинаттары, Уральск алюминий зауыты және басқа да өндіріс объектілері бар.
Ұлы Отан соғысы кезінде 200-ден астам кәсіпорындар Свердловск облысынан көшіп кетуге мәжбүр болады. Облысқа КСРО-ның ең жоғарғы Ленин ордені екі рет берілді, 1959 бен 1970 жылдары.
Соғыстан кейінгі жылдары облыс елдің экономикасында және әскерінде маңызды рөл атқарған. Әскери және өндірістік маңыздылығынан Свердловск облысы 1991 жылға дейін шетелдіктерге жабық болды. Қазір облыстың жерінде тек төрт халықтан жабық объект бар: соның ішінде ядролық энергетика мен әскери өндіріс.
1991 жылғы 17 наурызында өткен КСРО-ны сақтау туралы бүкілкеңес референдумынде Свердловск облысы — КСРО-ның сақталуына «жоқ» деген бір ғана субъект еді. КСРО-ны қалдыру керек деп санаған халық тек 49,33 % жинапты, астанасы Свердловскта ол одан да аз — 34,17 %.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Свердловск облысының ең ірі қалалары:
- Екатеринбург — 1,493,749
- Төменгі Тагил — 349,088
- Каменск-Уральский — 166,086
- Первоуральск — 120,778
- Серов — 95,861
- Новоуральск — 80,357
- Жоғарғы Пышма — 72,688
- Асбест — 62,908
- Ревда — 61,533
- Полевской — 60,979
2010 жылғы Свердловск облысының халық санағына сүйенсек, облыстың ұлттық құрамы осындай[1]:
Ұлт | Саны |
---|---|
Орыстар | 3 684 843 (90,6 %) |
Татарлар | 143 803 (3,5 %) |
Украиндар | 35 563 (0,9 %) |
Башқұрттар | 31 183 (0,8 %) |
Немістер | 14 914 (0,3 %) |
Ұлтын жариялаған | 4 064 769 (100,0 %) |
Жалпы халқы | 4 297 747 |
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Свердловск облысының діни құрылымы (2011 жыл 1 қаңтар):
- Христиандық — 594
- Ислам — 55
- Яһудилік — 9
- Буддизм — 3
- Индуизм — 3
Жалпы — 664.
Саясаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1994 жылы 17 желтоқсанда жасалған облыстың жарғысы облыстың үкіметін негіздеді. Губернаторы — министрліктер мен департаменттерден құрылатын үкіметтің бас атқарушысы. Жиі Премьер-министр деп те аталатын үкіметтің төрағасын жұмысқа Федералды премьер-министр сияқты заң шығарушы орган сайлап алады. Алайда Губернатор бірдей кандидатты екіден көп рет ұсына алмайды. Үкіметі екі жақтан құрылған, Облыс Думасы, төмеңгі палата, және Өкілдер Үйі, жоғарғы палата. Үкіметтің мүшелері төрт жылға созылатын мерзімдермен жұмыс істейді. Алайда Думаның жартысы әр екі жыл сайын қайта сайланады.
2004 жылғы Путинның реформаларынан бұрын, Губернатор әр төрт жыл халықпен тікелей сайланатын. 2012 жылдан бастап облыстың Губернаторы — Евгений Куйвашев.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Всероссийская перепись населения 2010 года Мұрағатталған 1 мамырдың 2020 жылы.