Накада қаласы
Накада қаласы (Египет) – Ніл өзенінің батыс жағалауындағы Кена провинциясындағы қала [1].
Ежелгі Египетте Нубт, ал антикалық заманда Омбос деген атпен белгілі болған. Египетте «нуб» сөзі «алтын» деген мағына береді. Халық саны 21 530 адам (2006 жылғы халық санағы бойынша). Қаланың құрамына Тух, Хатара, Данфик және Завайда секілді ауылдар кіреді. Накада қаласының атауы осы өңірде кең таралған Накад мәдениетінің таралып, дамуына ықпалын тигізді. Бұл мәдениет сол кездері болған Эль-Бадари, Герзе, Нехен (Гиераконополис) және Кау аудандарында да таралды. Қалада табылған қазбалар Египет пен оның маңында болған мәдениеттердің уақытын анықтауға көмектесті.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|