Микрораптор

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Микрораптор
Микрораптор
Микрораптор

Микрораптор — дромеозаврид динозаврлар тобына жататын шағын денелі динозавр. Шамамен 20-ға жуық жақсы сақталған сүйектері Қытайдың Ляонин деген жерінен табылды. Динозавр бұдан 120-110 миллион жыл бұрын ерте Бор дәуірінде өмір сүрген. Микрораптордың алдыңғы аяқтарында, ұйрығында, таңғаларлығы артқы аяқтарында ұзын қауырсындары болған. Ол бір қарағанда қанатқа ұқсайтын. Ересектерінің ұзындығы - 80 см, салмағы 1 келі. Микрораптор біз білетін динозаврлардың ішіндегі ең кішкентайы. Ол - өте шағын, ұша алатын, бірақ құс тобына жатпайтын динозаврлардың алғашқысы.

Қызықты дерек

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Микрораптор - ұшатын динозавр.
  • Микрораптор сөзі кішкентай ұры деген мағынаны білдіреді.
  • Микрораптор кез келген биіктіктен ешқандай жарақатсыз жерге қона білген.

Мәліметтер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Қорегі : жануарлар
  • Салмағы : 1 келіге дейін
  • Тұқымдас : Дромеозаврид
  • Отряд тармағы : Теропод [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Динозавр энциклопедиясы—Алматы: „Аруна“ баспасы