Мех

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Мех — үй жануарлары мен аңдардың илектен терісі. Шикізат ретінде аңдардан — түлкінің, тиіннің, ақ түлкінің, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның, кәмшаттың және басқалардың, үй жануарларынан — қойдың, ешкінің, үй қояндарының және басқалардың, теңіз аңдарынан — итбалықтың, теңіз тышқанының терілері қолданылады.

Мехтан жасалған бұйымдардың күтімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мехтан жасалған бұйымдарды дұрыс күткенде ғана оның әсем түрі сақталып, көпке дейін тозбайды. Мехтан жасалған киімді немесе бас киімді шеткей соң, қар ұшқындарын немесе жаңбыр тамшыларын кетіру, ұйпаланған түтін жазу үшін сілкіп жібереді. Пальтоны және басқа сырт киімді де ұйпаланып қалмай, біртегіс кебуі, сондай-ақ созылып, формасын жоғалтпауы үшін киім ілгішке іліп қою керек. Бір пальтолық үстіне екінші пальтоны ілуге болмайды, сондай-ақ мех құлақшындарды ылғал күйінде бірінің үстіне бірін қоймайды. Егер түгі ұйпаланып қалса, оны жоғары жағынан бастап арнайы темір тарақпен немесе тісі сирек кәдімгі тарақтан тараған жөн. Тігісі сөгілген немесе аздап жыртылған жерді түгін түзетіл терінің шелі жағынан №60—80 мақта жіппен тігу керек. Егер түк жағынан тігу керек болса, онда түтін жақсылан тарап жіберіп, абайлап, ұстап шетінен тігеді. Жыртылған жері көлемді болса, шебер-ханаға жаматқан жөн.

Мехты сақтау

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мехтан жасалған бұйымдарды салқын жерде сақтайды. Олар бұзылмауы үшін — 40 С шамаеындағы температура сақталатын арнайы жерлерге тапсыру ұсынылады. Температура тым жылы, сондай-ақ ылғалдылығы жоғары болғанда, мех кеуіп бұзылады, терісі қатайып, өңін жоғалтады. Жарықтық, әсіресе күн сәулесінің әсерінен мех тез оңады: ақ немесе ақшыл терілер (ақ тышқан, ақ түлкі, ақ қоян) немесе ақ қылшықты терілер жарықтық әсерлен сарғайып кетеді. Сарғайған мехты үй жағдайында тазарту өте қиын. Жарық әсерінен сақтау үшін қараңғы жерде, қара қапшықта сақтау керек (пальто, жакеттерді орамай, міндетті түрде іліп қою керек). Әсіресе мехтан жасалған бұйымдарға күйе түсірмеу үшін мұқият болған дұрыс. Мех бұйымдарды тазалау. Тым қатты ластанбаған және май тамған мех бұйымдарды үй жағдайында тазалауға болады. Құлақшынға, жағаға, т. б. жұққан май дақтарын бензинге батырылған таза шүберектей сүртін тазалайды. Терінің түтін бір бағытта: тым қатты ластанбаған бұйым-дарды түктің бағытымен, түгі қысқа терілерді түктің бағытына қарсы сүрту керек.

Содан соң түкті кептіріл, тісі сирек тарақтан (дұрыс темір тарақпен) тарайды. Мехқа тиген май, тер лағын мүсәтір спирті мен ас тұзының қоспасымен (0,5 л суға 1 шай қасық мүсәтір спирті мен 3 шай қасық ас тұзы) тазалаған жақсы. Қоспаға батырылған шүберекпен немесе щеткамен түкті ысқылап, содан соң оны кептіріл, тарайды. Ақ түсті мех бұйым-дарды картоп ұнымен тазалап, одан соң жақсылан сілкіп, тараған дұрыс.

Түкті жылтырату үшін оны сірке эссенциясына сәл-сәл малынған шүберекпен сүртін жіберген жөн. Егер мехтан жасалған бұйымдардың терісі қатайып, созылғыштық қасиетін жоғалтса, сірке эссенңиясы мен ас содасының қоспасына (1 л суға 1 ас қасық эссенция және 3 шай қасық ас содаеы қосылады) батырыл, азырақ жұмсартуға болады. Жасанды мехты күту үшін арнайы препарат шығарылады (қолдану ережесі нұсқауында көрсетіледі).

Матаны, киім-кешекті нілдеу оларға көгілдір рең беріп, өңделетін заттардың өңінің сақталуына көмектеседі. Нілдейтін препараттар ұнтақ, сұйық және паста түрінде шығарылады: Волжская, Синева —2, Лазурь, Голубизна, Индиго мо-розоустойчивая деп аталатын препараттар маталардың барлық түрін нілдеуге арналған.

Лазурь және Синева ұнтақ түрінде шығарылады, құрамында оптикалық ағартқыштардың болуы біркелкі нілдеуге қолайлы, бұйымдарға ашық, жаңарған өң береді. Қолмен нілдеғенде нілді шүберекке түйіп, жылы суға салып, сәл көк түске енғенше араластыра ды. Машинамен кір жуған кезде 1 шай қасық (6—8 г) нілді аз ғана суда ерітеді. Ерітіндіні машинаға құйын, жуғыш затпен араластырады да, оған кірді жуып, ш айңай ды.

Лазурь мен Синева препараттарын ылғалдан және тура түскен күн еәулесінен сақтау керек.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]