Кәріз
Кәріз (Кяхриз, кягриз, парс, қариз жер астынан қазылған канал) — жер асты суларын бір орынға жинап, оларды шаруашылықта пайдалану мақсатында жер бетіне шығару үшін жасалған, көлбеуге дерлік бағытта жер асты суларының ағысы бойынша орналасқан жер асты галереясы немесе жерді құрғату аймағындағы топырақтағы артық суды жинап, құбыр немесе канал арқылы баска жаққа бұрып әкетуін жүзеге асыратын құрғату төсілі. '[1][2], Керіз (парсыша — жер асты суармалы каналы— жер асты суларын бір орынға жинап, оны жер бетіне шығарып, шаруашылыққа пайдалану үшін жер астынан көлбей қазылған куыс арна. Кәріздің ұзындығы бірнеше километрге дейін, ені 0,7—1метр, биіктігі 1,5— 2 метр болады. Батыс Қаратау жотасының орталық бөлігіндегі құдық. Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылының шығысында 10 км жерде орналасқан. Шығысында Шиелібұлақ, Бөлебай және т.б. көптеген бұлақтар бар. Оңтүстігінде Күш тауы орналасқан. Құдықтың бойы мал жайылымына пайдаланылады. Кәріз Орталық Азия, Әзірбайжан, Иран елдерінде ауыз сумен қамтамасыз ету, егістікті суару үшін ерте кезден қолданылып келеді. Кәріз жердің бетімен, оны қазғанда топырақты сыртқа шығару және қуысты желдету үшін қосымша құдықтар арқылы байланысады.[3]Отырар өңірінен Кәріз суландыру жүйесі Табақбұлақ ауылынан 7 километр жерден табылған. Мұнда арықтар арқылы құдық суы шығарылған. Анықталған құдықтар саны 13. Тек біреуі ғана жақсы сақталған, калғандары бұзылған. 1-кұдық пен 13-құдық арақашықгығы 92 метр. Олардан шыққан арық солтүстік-батысқа қарай 440 метрге созылады да, алкапқа қарық ретінде тарайды. 11, 12, 13-құдықтар ертеректе бұзылса керек, олардың орны нашар сақталған.[4] Құдықтарды шегендеген тастарды, құдықтан арықка қарай шықкан құбырды осы маңдағы кейінгі тұрғындар басқа мақсатта пайдалануға бұзып алған сияқты.[5]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
- ↑ Қазақ Энциклопедиясы
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
- ↑ О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, .К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова. Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |