Кәдімгі арпа
Кәдімгі арпа | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Кәдімгі арпа
| ||||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||
Hordeum vulgare L. |
Кәдімгі арпа (лат. Hordeum vulgare) – астық тұқымдасының арпа туысына жататын бір жылдық аса бағалы ертеден (осыдан 10 мың жыл бұрын) өсіріліп келе жатқан дәнді дақыл [1]. Азықтық тағам ретінде және малдың құнарлы жемі ретінде өсіріледі. Арпадан арпа ұнын, арпа жармасын, арпа квасын жасайды. Арпа ұнынан кондитерлік тағамдар өндіріледі. Кәдімгі арпа дәндерін сыра қайнатуға пайдаланылады.
Ботаникалық сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кәдімгі арпа - сабағы тік, биіктігі 30-60 см, кейде 90 см-ге дейін, бір жылдық шөптес өсімдік.
Жапырақтарының ұзындығы 30 см-ге дейін, ені 2—3 см болады.
Гүлдері ұзындығы 10 см-ге дейін масақ гүлшоғырына жиналған[2]; әр масаңы — бір гүлді. Масақтары 4-6 қырлы ендері 1,5 см-ге дейін болады. Масқтар 3 данадан топтасын өседі. Маусым-шілдеде гүлдейді.
Жемісі — дәнше. Тамыз айында жемістенеді.
Әлемдегу ірі өндірушілер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ел | 2009 | 2010 | 2011 |
---|---|---|---|
Германия | 12,3 | 10,4 | 8,7 |
Франция | 12,9 | 10,1 | 8,8 |
Украина | 11,8 | 8,5 | 9,1 |
Ресей | 17,9 | 8,4 | 16,9 |
Испания | 7,4 | 8,2 | 8,3 |
Канада | 9,5 | 7,6 | 7,8 |
Аустралия | 7,9 | 7,3 | 8,0 |
Түркия | 7,3 | 7,2 | 7,6 |
Ұлыбритания | 6,8 | 5,3 | 5,5 |
АҚШ | 5,0 | 3,9 | 3,4 |
Әлемдегі өндіріс | 151,8 | 123,7 | 134,3 |
Дереккөз: БҰҰ азық және ауыл-шаруашылық ұйымы[3] |
Түршелері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Hordeum vulgare subsp. spontaneum — Жабайы арпа
- [syn. Hordeum ithaburense Boiss.]
- [syn. Hordeum spontaneum K.Koch]Үлгі:Basionym
- Hordeum vulgare subsp. vulgare — Екіқатар арпа
- [syn. Hordeum distichon L. = Hordeum vulgare subsp. distichon]
- [syn. Hordeum hexastichon L. = Hordeum vulgare subsp. hexastichon] — Алтықатар арпа
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Saltini A.,I semi della civilta: frumento, riso e mais nella storia delle societa umane,Prefazione di Luigi Bernabò Brea,Bologna,Avenue Media,1996,182бет
- ↑ Энциклопедия «Кругосвет». Ячмень обыкновенный.
- ↑ FAOSTAT Мұрағатталған 19 маусымның 2012 жылы.