Коттедж

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Коттедж (ағылш. сottage – шаруа үйі) – жекеменшік тұрғын үйлердің сәулетті үлгісі. Коттедж, негізінен, екі қабатты болады, кейде жартылай жер астындағы бөлмелерімен үш қабатты болып саналады. Төменгі қабатта ас-су және шаруашылық, жоғарыда демалатын бөлмелер орналасады. Қабаттар бір-бірімен ішкі басқыш арқылы жалғасады. Алғашқы Коттедждер 16 ғасырдың аяғы 17 ғасырдың басында Ұлыбританияда салынды. Қазақстанда Коттедж құрылысы 20 ғасырдың аяғында кең етек жайды. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8