Керулен

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Керулен
моңғ. Хэрлэн гол
Хэрлэн өзені
Хэрлэн өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 1264 км
Су алабының
ауданы
116400 км²
Су алабы Далайнор
Су шығыны 54 м³/с
Су ағысы
Бастауы Хэнтэй
 • Биіктігі 2393 м
 • Координаттары 48°45′35″ с. е. 108°39′26″ ш. б. / 48.75972° с. е. 108.65722° ш. б. / 48.75972; 108.65722 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Далайнор көлі
 • Биіктігі 539 м
 • Координаттары 48°44′35″ с. е. 117°05′58″ ш. б. / 48.74306° с. е. 117.09944° ш. б. / 48.74306; 117.09944 (G) (O) (Я)Координаттар: 48°44′35″ с. е. 117°05′58″ ш. б. / 48.74306° с. е. 117.09944° ш. б. / 48.74306; 117.09944 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел Моңғолия

Керулен (моңғ. Хэрлэн гол, қыт. дәст. 克鲁伦河, пінин: Kèlǔlún hé) — Моңғолия мен Қытай мемлекеттері аумағымен ағатын өзен. Ұзындығы 1264 км (1090 км-і Моңғолияда), алабы 116,4 мың км². Хэнтэй жотасының оңт.-шығыс беткейінен басталып, Далайнор көліне құяды. Жоғарғы жағында тар аңғармен (кейде шатқалмен) ағады. Арнасы аралдарға, көптеген қара суларға бөлінген. Булануға және жер суаруға байланысты су деңгейі біртіндеп төмендеп барады. Қарашадан сәуірге дейін қатады (көп жерінде түбіне дейін). Балыққа (таймень, сазан, жайын, т.б.) бай. Жағасында Чойбалсан қ. (МХР) орналасқан.[1]

Керулен арқылы көпір (1972 жыл)

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]