Кентавр
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Кентавр - ежелгі грек аңыздарында жартылай адам, жартылай жылқы тәрізді бейнеленетін мифологиялық кейіпкер, Зевстің баласы Дионистің серіктері. Миф нұсқаларының бірі бойынша кентаврлар алғашында Фессалияның таулы өңірлерін жайлаған. Кейбір зерттеушілер Кентаврлар бейнесінің ежелгі грек мифологиясында пайда болғандығын айтады. Себебін сақтардың алдыңғы Азияға жорығымен байланыстырады. Күні бойы ат үстінен түспейтін сақ сарбаздарын ежелгі гректер атпен бірге жаратылған деп сеніп, олар туралы сан түрлі аңыздар таратқан.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3