Калифорния университеті
Координаттар: 37°48′08″ с. е. 122°16′17″ б. б. / 37.802168° с. е. 122.271281° б. б. (G) (O) (Я)
Калифорния университеті | |
Ұраны: | |
---|---|
лат. Fiat Lux ағылш. Let there be light |
|
Университет атауы | |
Шынайы аты | University of California |
Жалпы сипаттамасы | |
Құрылған жылы | 1868 |
Түрі | Штат университеті |
Орналасуы | |
Орналасқан жері | Окленд |
Кампус | 10 кампус |
Әкімшілік | |
Президенті | Джанет Наполитано |
Негізгі көрсеткіштер | |
Оқытушылар | 18 896[1] |
Студенттер | 234 464[2] |
Бакалавриат | 179 562 |
Магистратура | 49 527 |
Сайты | www.universityofcalifornia.edu |
өңдеу |
Калифорния университеті (ағылш. The University of California) — Калифорния штатында орналасқан оқу орны, UC –калифорниялық 10 қоғамдық университеттерді біріктіреді. «Қоғамдық» мәртебесі финанстық қолдауды бірнеше көзі бар екенін білдіреді, Калифорния штатының бюджеті де кіреді (ол шамамен үштен бірін құрайды) және Университет Регенттерді Басқару Кеңесін (ағылш. The Regents of the University of California) штат губернаторы сайлайды.
2011 жылдың дерегі бойынша Калифорния университеттер жүйесінде барлығы 234,464 студент оқыған[1]. Калифорния университтер жүйесіндегі ең ескі әрі ең беделдісі Беркли Калифорния университеті, 1868 жылы негізі қаланған.
Білімі жайлы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Калифорния университеті жыл сайынғы рейтинг бойынша АҚШ-тың көшбасшы ЖОО-лар қатарында болады. Штаттың әртүрлі қалаларында орналасқан 10 кампустың әрқайсысы рейтингтерде жеке университет ретінде қарастырылады. Атап айтқанда, Сан-Диего кампусының алғашқы кірпіші 40 жыл бұрын қаланғанына қарамастан, 14 Нобель сыйлығы лауреаты және бір астронавт шыққанымен танымал.
Өткен жылы US News & World Report журналы өзінің ұлттық рейтингісінде Риверсайд қаласындағы университет кампусына 10 орынды берсе, Санта-Крус кампусын АҚШ-тағы "ең жасыл кампус" ондығына енгізді. Дегенмен кампустардың көпшілігі жеке университет дәрежесінде болса да, барлық кампустар
Беркли физиктері Екінші Ұлы отан соғысы кезінде атом бомбасын және соғыстан кейін сутегі бомбасын жасауда басты рөлді ойнады. Беркли ғалымдары циклотронды ойлап тапты, антипротонды зерттеді, лазер жасауда басты рөлді ойнады және плутоний, берклий, лоуренсий и калифорний секілді көптеген химиялық элементтерді ашты. Беркли университеті қабырғасынан 24 Нобель сыйлығы лауреаты шыққан және олардың көбі химия, физика, экономика салаларында атқарған еңбектері үшін мадақталған.
2007 жылы Калифорния университетінің Берклидегі өкілдері университет қабырғасында әртүрлі уақытта өткен түрлі лекция, іс-шара видеобасылымдарын YouTube интернет-порталында жариялайтындарын хабарлады. Беркли мұндай қадамға барған бірінші оқу орны. Енді http://www.youtube.com/ucberkeley адресінен биотехнология, саясаттану, химия пәндерінен сабақтарды және де "Болашақ президенттерге арналған физика" немесе "Іздеу, Google мен өмір" атты лекцияларды көруге болады.
Программалар мен мамандықтар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Биология, экология, бизнес, экономика, өнер, тіл білімі, инжинерия, архитектура, дизайн, медицина, антропология, әлеуметтану, саясаттану, этнос, география, тарих, информатика, ролитология, дін, этика, менеджмент, экономика, ауыл шаруашылығы, метеорология, геология, гидрология, физика, химия, статистика, педагогика, палеонтология, криминалистика, финанс, философия.
Университет құрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Калифорния университеті, Беркли (Berkeley) — бас кампус
- Хааза бизнес мектебі (Haas School of Business)
- Бизнес және экономикалық зерттеулер институты
- Калифорния университеті, Дэвис (Davis), UC Davis
- Калифорния университеті, Ирвайн (Irvine), UCI
- Калифорния университеті, Лос-Анжелес (Los Angeles), UCLA
- Калифорния университеті, Мерсед (Merced)
- Калифорния университеті, Риверсайд (Riverside)
- Калифорния университеті, Сан-Диего (San Diego), UCSD
- Калифорния университеті, Сан-Франциско (San Francisco)
- Калифорния университеті, Санта-Барбара (Santa Barbara), UCSB
- Калифорния университеті, Санта-Круз (Santa Cruz)
сонымен қатар
- Хейстингс Құқық колледжі (Hastings College of the Law)
- Лик обсерваториясы (Lick Observatory)
- Скриппс океанография институты (Scripps Institution of Oceanography)
Зерттеу орталықтары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Калифорния университеті АҚШ Энергетика Министрлігінің бірқатар зертеу орталықттарын (ұлттық лабораториялар) басқарады. 2006 жылға университетттің қарауында Ливермор Ұлттық лабораториясы және Лоуренс атындағы Беркли ұлттық лабараториясы. Оған дейін университет Сандия Ұлттық лабараториясын және Лос-Аламос Ұлттық Лабараториясын басқарды.
Белгілі студенттері мен оқытушылары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Фактілер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Калифорния университетіндегі San Diego Supercomputer Center (SDSC) SciVee — ғылыми және ғылыми-танымал бейнеконтент жариялау қызметі деректері үшін серверлермен қамтамасыз етеді.
Жалпы анықтама
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Оқу мерзімі: қыркүйек-қазан айлары басталып, наурыз-сәуір айлары аяқталады.
- Программа ұзақтығы: бакалавриат 4 жыл; магистратура 1-1,5 жылға созылады.
- 2012-2013 академиялық жылдың оқу құны: $18'000 - 40'000 аралығы
- Жатын орын мен тамағы: $9'500 - 13'200 / жылына
- Оқуға түсу талабы: жас мөлшері 17+; қабылдану үшін тапсырылатын емтихандар тізімі: SAT I немесе ACT; SAT II; TOEFL ibt баллы 83-тен кем болмауы тиіс; Мектеп бітіргені жөнінде куәлік.
КУ-дегі қазақстандық студенттер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақстандық жастарға танымал университет ретінде Сан-Францискодан 4 сағаттық қашықтықта орналасқан Беркли университетін алуға болады. Осы кезге дейін көптеген қазақстандық студенттер Беркли және басқа да Калифорния университеттерінде тәлім алып, білімін шыңдап, еліне оралды.
Галерея
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ a b About the University of California (ағыл.). Тексерілді, 30 мамыр 2013.
- ↑ Annual Endowment Report (ағыл.). Басты дереккөзінен мұрағатталған 22 наурыз 2003.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 8 қыркүйек 2011.
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Калифорния университеті: Беркли | Дэвис | Ирвайн | Лос-Анжелес | Мерсед | Риверсайд | Сан-Диего | Сан-Франциско | Санта-Барбара | Санта-Круз |