Ильменит
Ильменит, титанды теміртас – оксидтер класына жататын минерал. Химиялық формуласы FeTiO3. Алғашқы табылған жері Оңтүстік Оралдағы Ильмен тауы атымен аталған. Тригональдық сингонияда кристалданады. Көбінесе сеппелі түйірлер, кейде тұтас түйіршікті бөлшектер түрінде кездеседі. Түсі қара, металдай жылтыр. Қаттылығы 5 – 6, меншікті салмағы 4,7 г/см3 магнитті. Негізді және өте негізді магмалық тау жыныстарымен байланыста кездеседі. Ол жыныстар бұзылып-үгілгенде Ильменит өзгермей басқа берік минералдармен бірге кенқайраң түзеді.
Ильмениттен титан, титан тотығы, ферротитан алынады. Берік болат жасауда және бояу өндірісінде пайдаланылады. Қазақстанда Солтүстік Қазақстан облысында (Обуховское) мен Шығыс Қазақстан облысында (Қараөткел) кен орындары бар.[1]
Жаратылысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ильменит титанды теміртас сиенит және нефелинды сиенит (миаскит) типті негізді және өте негізді магмалық тау жыныстарына байланысты кездеседі. Негізді жыныстар бұзылғанда ильменит өзгермейді және басқа берік минералдармен бірге құмдарда жиналады. Ол шашыранды түрде табылады. Ильмениттің кеп шоғырланған жері титан кені ретінде металл қорыту үшін қолданылады. Сонымен бірге онан темір-титан қорытпасын (ферротитан) алады.
Титан — бояу жасауға, берік болат жасауға, тағы басқа өндіріске қажетті өте қымбат бағалы металл.
Ильменит кендері біздің елімізде Оңтүстік Уралда (Ильмен тауы), Алтайда бар.
Норвегияда негізді магмалық жыныстар арасында оның желілі кені бар (Экерзунд-зоггендаль, Крагере).[2]
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- ↑ Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|