Ибн Һишам
ибн һишам, (араб.: أبو محمد عبدالمالك بن هشام қаз. Абд-ул-Малик ибн һишам) (туған жылы белгісіз, Ирак, Басра – 834, Египет, Каир) – орта ғасырлардағы араб филологы, ислам тарихшысы, хадис ілімін зерттеуші. Химиер тайпасынан шыққан.
ибн һишамның ең ірі шығармасы – Әбу АбдоллаҺ Мұхаммед ибн Исхақтың “Китаб сират рас ул-АллаҺ” (“Алланың жіберген адамының өмірі туралы кітап”) аталатын кітабына түсініктеме бере отырып, жазған “Сире” атты еңбегі. Аталмыш кітапқа Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) өмірі мен халифалар тұсындағы оқиғалар арқау болған. Оқиғаларды баяндап қана қоймай, талдап, сөздердің мән-мағынасына тоқталып, түсінік беріп отырған. Ислам тарихын зерттеушілер үшін құнды кітап болып табылатын бұл еңбекке кейін де көптеген түсініктер жазылды. Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) өмірі мен қызметін зерттеушілер ибн Хишамға тоқтамай кете алмайды.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — Ислам туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |