Жак Моно

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Жак Люсьен Моно
фр. Jacques Lucien Monod
Туған күні

9 ақпан 1910 (1910-02-09)

Туған жері

Париж, Франция

Қайтыс болған күні

31 мамыр 1976 (1976-05-31) (66 жас)

Қайтыс болған жері

Канн, Франция

Азаматтығы

Франция

Ғылыми аясы

биология, микробиология

Жұмыс орны

Сорбонна, Коллеж де Франс, Институт Пастера

Ғылыми дәрежесі

ғылым докторы

Ғылыми атағы

АҚШ Ұлттық ғылым академиясының шетелдік мүшесі

Альма-матер

Париж университеті

Несімен белгілі

лактозалық оперон және ген транскрипциясы жайлы еңбектердің авторы

Марапаттары


Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы (1965)

Үлгі:Құрметті легионның орденінің офицері Үлгі:Академиялық Пальмалар орденінің кавалері Үлгі:Әскери кресс 1939—1945 (Франция)
Үлгі:Резистанс медалі (Франция)

Жак Люсьен Моно (фр. Jacques Lucien Monod, 9 ақпан 1910 жыл, Париж, Франция – 31 мамыр 1976 жыл, Канн, Франция) — француз биохимик және микробиолог, «ферменттер және вирустар синтезіне генетикалық бақылауға қатысты жаңалықтары үшін» Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының 1965 жылғы лауреаты (Франсуа Жакоб және Андре Львовпен бірге).

Өмірге 1910 жылы 9 ақпанда Парижде француз суретшісі мен Милуоки американдық әйелдің отбасында келген. 1917 жылы өзінің балалық шағының көп бөлігін өткізген Францияның оңтүстігіне отбасымен бірге көшіп келеді. Жактың биологияға деген қызығушылығын білімді әрі көп оқыған әкесі ашқан. Канн лицейінде оқыған, 1928 жылы Парижге жаратылыстану ғылымдары факультетіне оқуға түседі, дегенмен ол әлі, оған берген білімі қазіргі заманғы биология ғылымынан кем дегенде жиырма жылға артта қалып қойғанын білген жоқ еді. Осы кезеңде дұрыс бағыт таңдауда оған көмектескен және микробиологияға және физиологиялық генетикаға қызығушылығын оятқан Жорж Тесье, Андре Львов, Борис Эфрусси , Луи Рапкиндер болатын.

1941 жылы жаратылыстану ғылымдары бойынша докторлық дәреже алды. 1934 жылы ғылымдар факультетінде және 1936 жылы Калифорния технологиялық институтында оқытушылық қызметтен соң Моно Пастер институтына ауысады, онда бұл уақытта Андре Львовтың факультет зертханасының директоры қызметі босаған еді. 1954 жылы Моно жасуша биохимиясы факультетінің деканы қызметін атқарады, ал 1959 жылы Сорбонна метаболизм химиясы профессоры атағын алады. 1967 жылы Коллеж де Франста профессорлық алады. 1971 жылы Моно Пастер институтының директоры болды. 1938 жылы Моно Одетт Брульге (фр. Odette Bruhl) үйленді. Олардың Оливье және Филипп атты егіз ұлдары болды.

Жак Моно 1976 жылы қайтыс болды және Каннадағы Гран-Жас (фр. Grand Jas) зиратына жерленді (Көкшіл жағалауда).

  • 1971 ж. оның «Кездейсоқтық және қажеттілік» («Chance and Necessity») атты кітабы жарияланды, ол еңбек жасушалы биохимиялық процестердің табиғатын түсіндіреді және тіршіліктің пайда болуы мен эволюция процесі кездейсоқтықтың нәтижесі деген көзқарасты көрсетеді.

Басқа басылымдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Jacob F; Monod J (June 1961). «Genetic regulatory mechanisms in the synthesis of proteins». J Mol Biol. 3: 318–56. PMID 13718526.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]