Джордж Сорос
George Soros | |
---|---|
George Soros speaking in Malaysia | |
Дүниеге келгені: |
тамыз 12, 1930 Budapest, Hungary |
Мансабы: | speculator, investor, philanthropist, political activist |
Net worth | ▲ $9.0 billion (Forbes)[1] |
Жұбайы: | Twice divorced (Annaliese Witschak and Susan Weber Soros) |
Балалары | Robert, Andrea, Jonathan, Alexander, Gregory |
Веб-сайты | |
www.georgesoros.com |
Джордж Сорос (ағылш. George Soros, маж. György Schwartz) (1930 жылы 12 тамыз, Будапешт қаласы) - американдық трейдер, қаржыгер, инвестор және филантроп.
Соростың қайраткерлігі әртүрлі мемлекеттерде әртүрлі реакция туғызып жүр.[2]
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс әскерлері Венгрияға баса көктеп кіргенде, ол 14 жаста еді. Соростар отбасы тірі қалған аздаған еврей жанұяларының бірі болды. 1947 жылы Сорос Ұлыбританияға эмиграцияға кетіп, онда бес жылдан кейін Лондон экономика мектебін (LSE) бітірді. Студент болып жүрген жылдарында ол Карл Поппердің ғылыми философиялық еңбектерімен танысып, бұл ғалымның жұмыстары Соростың дүниеге көзқарасына, сондай ақ болашақ кәсіби және қайырымдылық қызметіне зор әсерін тигізді.
1956 жылы Сорос Америка Құрама Штаттарына көшіп кетіп, онда қаржы нарықтары тарихындағы ең табысты, кеңінен танымал "Квантум групп" (Quantum Group) халықаралық инвестициялық қорының негізін қалап, көп дәулет жинайды. Қазіргі уақытта ол "Quantum Group of Funds" халықаралық инвестициялық қорлар желісінің бас кеңесшісі болып табылатын "Soros Fund Management LLC" - жеке инвестициялық компаниясының президенті әрі басқарма төрағасы. Қаржы саласында феномен деуге тұрарлық табысқа жеткен Сорос енді ашық қоғам құруға бағытталған өзгеше инвестициялармен айналысуға бет бұрды. Өзінің айтуы бойынша, өзіне қанша жұмсаса да таусылмайтын мол ақша тапқан Сорос қайырымдылық қорларын құра бастады. Олардың міндеті - ашық қоғам институттарын нығайтуға және дамытуға септесу. Осындай алғашқы ашық қоғам қоры ("Open Society Fund") 1979 жылы Нью-Йоркте ашылды. 1984 жылы Будапешт қаласында алғашқы Шығыс Еуропалық қор өз жұмысын бастады.
"Өзім қашып құтылған жабық Қоғамның және менің өмір сүргім келген ашық Қоғамның арасындағы айырмашылықтар мен үшін өте қызық болатын, - деп жазады Сорос. - Байлығымның арқасында мен өзіме маңызды болып көрінетін істерді жасауға, дүниені барынша жақсы құру туралы арманымды іс жүзіне асыруға мүмкіндік алдым". Бұл арманды іске асыру Сорос үшін біраз қымбатқа түсіп отыр. 1994 жылы ол өзінің қайырымдылық қорларына 300 млн. доллар салды, ал он жылдан кейін, 2004 жылы бұл цифрлар 474 млн. долларға тең болды. Джордж Сорос қаржыгер және филантроп ретінде ғана емес, әлеуметтік ойшыл, бірқатар кітаптардың авторы ретінде де танымал, оның еңбектерінің ішінде: "Американдық артықшылықтың "сабын көбігі" (2004), сондай ақ ертеректе шыққан "Джордж Сорос жаhандану туралы" (2002), "Қаржы алхимиясы" (1987), "Кеңестік жүйені аша отырып " (1990), " Сорос туралы Сорос" (1995), "Әлемдік капитализмнің дағдарысы" (1998), "Жаhандық капитализмнің дағдарысы: проблемаға қайтып оралу" (2000). Оның саяси, экономикалық және әлеуметтік тақырыптағы мақалалары бүкіл дүние жүзінің аса ірі журналдары мен газеттерінде тұрақты түрде жарияланып тұрады. Өзі қызмет етіп жүрген уақыттың ішінде Джордж Сорос бірнеше дүркін әр түрлі халықаралық марапаттар мен атақтарға ие болды. Олардың ішінде Нью-Йорктегі Жаңа әлеуметтік зерттеулер мектебінің, Оксфорд университетінің, Йель университетінің, Будапешттегі Экономика университетінің, Болонья университетінің, Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының құрметті докторы дипломдары, К.Д. Ушинский медалі, Гуманитарлық ғылымдар институты (Австрия) мен Кербер Қоры (Германия) құрған Ханна Арендт сыйлығы, Пушкиннің мерейтойлық алтын медалі. "Ашық қоғам" деген ұғымды алғаш рет француз философы Анри Бергсон 1932 жылы ғылыми қолданысқа енгізіп, кейін ол Австрия философы Карл Поппердің жұмыстарында, ең біріншіден, екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жазылған әйгілі кітабы "Ашық қоғам және оның жаулары" деген еңбегінде одан әрі дами түсті. Венгриядағы нацистік және содан соң коммунистік режимнің барлық ауыртпалығын көрген Сорос 40-шы жылдардың соңында Карл Поппердің кітабын оқып, оның ойларын сіңіріп, адал ізбасары болды (Бұл кітап 1992 жылы орыс тіліне аударылды).
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ The World's Billionaires -#97 George Soros, Forbes, Наурыздың 5, 2008
- ↑ Kenneth P. Vogel, Scott Shane, Patrick Kingsley. How Vilification of George Soros Moved From the Fringes to the Mainstream // Нью-Йорк Таймс, 2018 жылдың 31 қазаны. (ағылш)