Дебитор
Дебитор (лат. debіtor – борышқор) [1] –
1) кәсіпорынға (ұйымға‚ мекемеге немесе азаматқа) берешегі бар жеке немесе заңды тұлға.[2] Мысалы‚ жөнелтілген материалдық құндылықтар немесе орындалған жұмыстар үшін берешегі бар сатып алушылар‚ өздеріне берілген аванс үшін жеткізушілер мен мердігерлер‚ өздеріне төленген коммуналдық қызметтер ақысы үшін қызметшілер‚ коммерциялық несие алған кәсіпорын‚ аванс алған қызметкер‚ есеп беретін адам‚ тауар-материалдық құндылықтары кем шыққан материалдық жауапты адам дебитор болуы мүмкін;
2) бухгалтерлік есепте – ұйымның алдында ақшалай берешегі бар заңды немесе жеке тұлғалар. Айталық тауар алған немесе қызмет көрсетілген, бірақ ақысын төлемеген сатып алушылар, іссапар шығынына жұмсауға алғытөлем алған, бірақ бухгалтерияға есебін бермеген ұйым қызметкерлері дебиторға жатады.
[3][4]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том
- ↑ Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9
- ↑ Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
- ↑ Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анық тамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — экономика бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |