Мазмұнға өту

Гомеопатия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Гомеопатия – науқасты дәрінің өте аз мөлшерімен (дозамен) емдеу жүйесі. Негізгі принципі -« ұқсасты ұқсаспен емдеу», яғни сау адамға көп мөлшерде бергенде ауру туғызатын дәріні ауру адамға өте аз мөлшерде жиі беріп емдеу әдісі. Гомеопатияны он тоғызыншы ғасырдың басында неміс дәрігері С.Ганеман ұсынған. Ганеман дәрі әсерінің оның ауруға берілетін мөлшерін кеміткен сайын күшейе түсетінін байқаған. Қазіргі заманғы медицина гомеопатияны жалған ғылым ретінде қарастырады. Гомеопатиямен туберкулез, жұқпалы және қатерлі ісік ауруларын емдеуге болмайды.