Гепатоцит
Гепатоцит (грек, һераr - бауыр, kytos — жасуша) - бауыр паренхимасы бөлікшелерінің бағандарын құрайтын бауыр эпителиоциті (жасушасы).
Ол адам мен жануарлар организмдеріндегі ең ірі ас қорыту безі — бауырдың көпсалалы қызметін іс жүзіне асыратын жасуша.
Гепатоцит — пішіні көпбұрышты эпителий жасушасы. Оның дөңгелек келген бір, екі не одан да көп ядролары жасуша цитоплазмасының орта шенінде орналасады. Гепатоцитте қан протеиндерін (альбуминдер, фибриноген, протромбин) жасайтын гранулалы эндоплазмалық тор, өт пен гликогенді түзуге қатысатын агранулалы эндоплазмалық тор, аталған процестерді іс жүзіне асыруға қатысатын Гольдж кешені, митохондриялар, рибосомалар, лизосомалар тым жақсы жетілген.
Гепатоциттің негізгі қызметі — ас қорытуға қажет өт бөлу. Бұдан басқа гепатоцитте организмдегі мол қуат көзі — гликоген (құрылымы крахмал тәрізді, адам мен жануарлар организмдерінде болатын полисахарид) қорланады, қан плазмасының протеиндері (фибриноген, альбуминдер, протромбин) түзіледі, майды өндеуге, жасушалар жарғақтарына тым қажет холестерин алмасуына қатысады, ас қорыту мүшелерінен қан арқылы келген зиянды зат алмасу өнімдері, түрлі улы заттар, организмге түскен дәрідәрмектер залалсыздандырылады, коптеген гормондар мен биогенді аминдер енжарландырылады (инактивацияланады), амин қышқылдары дезаминдену процесінен өтеді, бұл процесс нәтижесінде бөлінген аммиактан, оның туындылары (несепнәр — мочевина және т.б.) түзіледі, майда еритін витаминдер (A, D, Е, К т.б.) жинақталады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |