Гематит

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Гематит

Гематит (грек. hematos — қан қызыл, һаіma (һаіmatos) — қан) - қызыл теміртас – оксидтер класының минералы. Химиялық формуласы Fe2O3; құрамында 70%-ға дейін темір болады. Тригональды сингонияда кристалданып пластина, ромбоэдр және тақтай пішінді болып түзіледі. Агрегаттары көбінесе тұтас тығыз жабық кристалды масса, жапырақты немесе қабыршақты. Кейде тау жыныстары арасында топырақша тарап, оларға қызыл рең береді (қызыл яшма, қызыл сазды тақтатастар, т.б.). Қоспалары Ті (11%-ға дейін), Аl (14%-ға дейін), Мn (17%-ға дейін) және т.б..[1]

Кристалдық ішкі құрылысы корунд типтес. Корундтан айырмашылығы сол — ондағы алюминий катионы орнына мұнда үш валентті темір катионы болады.

Түсі қара сұр, қоңыр сызығы шиедей қызыл; металдай жылтыр.

Кристалдық бейнесі пластинка, ромбоэдр және таблетка пішіндес. Мұндай формалар жыныс қуыстарында пайда болады. Қоспақтары да кездеседі. Олар көбінесе ромбоэдр және призма формасында болады. Гематит — тегінде тұтас тығыз зат. Ол жасырын кристалды массаларда, жапырақты немесе қабыршақты агрегаттарда жиі кездеседі.

Өзгеше түрлері . 1. Темір жылтыры — ірі кристалды, айырмашылығы: қара, болат тәрізді күдгірт сүр. 2. Темір слюдасы — жапырақты, қабыршақты гематит; бір бағытта жігі анық байқалады; түсі күдгірт, болат тәрізді сұр. 3. Мартит — магнетиттің псевдаморфозы; қара түсті; кристалдары октаэдр, ромб-додекаэдр формасында болады. 4. Қызыл жоса (темір жосасы)—топырақ тәрізді майда қызыл түсті гематит, жұмсақ . 5. Ұнтақ темір — қолға сабын спяқты майлы, жұмсақ тиеді, жұғады, түсі шие сияқты қызыл. 6. Темір роза — гүлге ұқсас, жапырақшалардың косылып өскендегі түрі сияқты. 7. Қызыл шыны доп (бас)—ішкі жағы радиал-сәулелі іқұрылысты, бүрмеленіп, домаланып жиналған гематит; түсі қызғылт, реңкі іқара, беті жылтыр, жұмыр (аты сол бойынша қойылған).

Жаратылысы. Гематит метаморфтық жыныстарда (кварциттерде, темір слюдалы тақтатастарда, гнейстерде, талькті тақтатастарда, мраморларда), магмалық жыныстарда, шөгінді жыныстардың арасында, желілерде және вулкандық әрекеттен пайда болған заттардың арасында кездеседі. Бұдан басқа темірлі минералдардың химиялық бүзылуынан да пайда болады.

Бір мысал келтірейік. Оливин атты силикат гидротерма әсерінен оттегі мол жағдайда тотықтанып өзгергенде, онан үш түр- лі минерал — тальк, магнезит, гематит — пайда болады. Осындай өзгеру схемасы мынау:

(Mg, Fe) 2 [ S i О 4 ] + Н 2 О + С О 2 + О = Mg3[Si4O10][OH]2 + M g C О 3 + Fe2 О 3 .

Ыстық (арасан) тұнбаларда гематит сирек кездеседі. Демек, гематит — барлық жағдайда көп таралған минерал. Қолданылуы. Гематит — едәуір жеңіл балқығыш, темірге бай руданың бірі. Темірдің қызыл жосасы бояу орнына пайда- ланылады.

Кендері. КСРО-да қызыл теміртастың ете бай атақ ты кендері Кривой Рогта, Украинадағы Саксаган және Ингул өзендері- нің жағасында кездеседі. Осы кендердің негізінде КСРО-нің оңтүстігінде ірі темір қорытатын өнеркәсіп өркендеді. Гематиттін б ұдан басқа көп кені Новый Оскол қасындағы Курск магнит аномалиясы ауданынан табылды. Гематит кені Уралда бірнеше жерде — Солтүстік Уралда (Кутимск), Орта Уралда (Кусье-Александровск және Пашийск аудандарында) бар. Гематит Уралдъің магнетитті атақ ты ірі кендерінде де магнетитпен бірге кездеседі.

Гематмт кендері Қазақстанда бірнеше жерде бар. Солардың ішінде ең ірілері — Қарағандыдағы Теміртау металлургия за- водының базасы Қарсақпай, Атасу кендері. Қостанайдың темірлендерінің де гематит қ ұрамдылары көп.

Шет елдердегі гематит кендері. АҚШ-та Жоғарғы Көлдер және Бразилияда Минас-Жерайж кендері бар. Жақсы музейлік минерал түріндегі гематит Эльба аралында бар. Темір розалар Альпа тауларының бірқатар жерінде (Сен-Готтард, тағы басқа) кездеседі.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2