Бриг

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Бриг — аттикалық көзеші, б. э. бұрынғы 500—480 жж. Афиныда жұмыс істеді. Оның қолы қойылған 13 құмыра сақталған. Олар сан алуан сюжетке құрылған, қызыл пішінді өрнектермен айшықталған: мұнда монументтік кескін- деме әсерінен туған қаһармандық бейнелерден бастап ойнақтаған силендер мен мас бозбалалардың бейнелеріне дейінгі өрнектердің неше түрі бар. Бриг шеберханасында жасалған шаралар пропорция әсемдігімен, келісім-көркімен назар аударады. Осы шараларды өрнектеген шеберлер арасында шартты түрде «Бригтің құмыра өрнекшісі» деп аталатын талантты суретші көзге түседі. Оның ең әйгілі шығармалары —«Ахилл алдында тұрған Приам» (Венаның көркемдік тарихи музейі) құмырасы, «Трояның алынуы» (Лувр), «Той мен оның зардабы» (Вюрцбург), «Дионис нөкерлері қудалаған Гера мен Ирида» (Британия музейі), «Менадалармен, сатирлармен тұрған Дионис» (Мюнхен) киликтері.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Өнердің ықшам тарихы—Антик өнері — Алматы, «Өнер» баспасы, 1988.—360 бет ISBN 5-89840-030-3