Биржалық тауар
Биржалық тауар - биржалық сауда объектісі; биржада сатылатын және сатып алынатын, онымен операциялар жасалатын кез келген тауар. Негізгі сыныптары: меншікті тауарлар (материалдық игіліктер), бағалы қағаздар, шетел валютасы, банк депозиттері мен туынды құралдар (пайыздық мөлшерлемелер, индекстер). Биржалық тауардың объектісі болуы мүмкін тауарлар сыныбына ауыл шаруашылығының шикізаттары мен дүмбілзаттары (дәнді дақылдар мен майлы дақылдар, мал мен ет, тоқыма талшықтары, тағамдық-дәмдік тауарлар), ағаш материалдары, түсті және асыл металдар, мұнай-газ кешенінің өнімдері жатады.
Тауар биржасының биржалық тауарларының сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тауар биржасының объектісі-заттық (материалдық) тауар, немесе тауардың өзі. Биржалық тауарларды бейнелейтін белгілер: •Өндіру мен тұтынудың көптігі; •стандартталуы; •Жақсы сақталуы; •Тасымалдануы; •Тауардың сапалық сипатының нақты тұтынушыға байланысты болмауы; •Табиғи, мезімдік, саси және басқа факторлардың әсерінен бағаның өзгермелілігі.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Бағалы қағаздар нарығы.-Алматы: "Экономика" баспасы, ЖШС, 2010. ISBN 978-601-225-203-3
- ↑ Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — экономика бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |