Мазмұнға өту

Аун Сан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Аун Сан (13.2.1915, Намау — 19.7.1947, Рангун) — Бирманың саяси қайраткері, ұлттық тәуелсіздік үшін күрес жетекшілерінің бірі. 1937 ж. Рангун ун-тін бітірген. Жастайынан отаршылдарға қарсы қозғалысқа қатысты. Жапонияда т.б. елдерде Бирма армиясы үшін әскери кадрлар даярлау жұмыстарымен айналысты. 1942 ж. Бирманы жапон әскерлері басып алғаннан кейін тәуелсіз Бирма ұлттық армиясының қолбасшысы, Халық бостандығы антифашистік лигасының президенті болып тағайындалды. 1945 ж. наурызда жапон басқыншыларына қарсы күреске басшылық жасады. Жапония жеңілгеннен кейін (1945) Бирмада қайтадан өз үстемдігін қалпына келтірген ағылшындарға қарсы күреске жетекшілік етті. 1947 ж. қаңтарда Лондонда ағылшын өкіметімен Бирмаға тәуелсіздік беру туралы келіссөз жүргізіп, Бирманың Құрылтай жиналысын өткізуге келісім алды. 1947 жылдан бастап Аун Сан «өтпелі үкіметтің» басшысы болды. Тәуелсіз Бирма конституциясын жасап, мемл. тұтастығын нығайтуға, экон-н қалпына келтіріп, дамытуға белсене қызмет етті. Аун Сан кертартпа топтардың қолынан қаза тапты. Бирма халқы оны ұлттық батыр ретінде қастерлейді.