Арахнофобия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Бала қызды өрмекшімен қорқытуда.

Арахнофобия (гр. ἀράχνηөрмекші, гр. φόβος — қорқыныш) — өрмекшілерден қорқу, фобияның кең таралған түрі. Арахнофобияға шалдыққан адамды арахнофоб деп атайды. Кейбір архнофобтарды өрмекшінің өзі емес, суреті әлдеқайда қорқытады.

Сидней университетінің ғалымдары арахнофобтар "өзінің бойында мұндай қорқынышы бар екенін байқамайды" деген болжамға келген. М.К. Джоунз пен Р.Г. Мензис аты дәрігерлердің 30 адамға жүргізілген тәжірибе нәтижесінде, фобияға шалдыққан адамдар қатер тудырытын фактор болған және де болмаған жағдайда да өзінің қорқынышын толыққанды түсіне алмайтынын дәлелдеген. Сондықтан да олармен көптеген жұмыстар жасап, білім деңгейін көтеру қажет[1].

Әдетте балалар өрмекшілерден қатты қорқады. 1996 жылы Нидерландта 22 арахнофоб балаларды зерттеген кезде, балалардың 46 % әрқашан өрмекшіден қорыққандарын мойындады, ал 41% белгілі бір себептерге байланысты қорқатындарын мәлімдеді. Бұны ата-аналар да растады. 1997 жылы зертеушілердің жұмысы барысында қорқыныш деңгейі төмен, орташа және де жоғары деңгейдегі балалардың мінез-құлқын, іс-әрекетін тексерді. Бұл үш топта да айтарлықтай айырмашылық болмады. Алайда қорқыныш деңгейі жоғары топтағы бала басқа топтағы балаларға қарағанда болған оқиғаны егжей-тегжейін баяндап, қорқыныш деңгейінің жоғары екенін көрсетті[2].

Бала көптеген нәрселерді ата-аналарына немесе айналасындағы адамдарға қарап жасауға бейімденеді. Егер де солардың біреуі арахнофобияға шалдыққан болса, онда балалар өрмекшілерді қауіпті деп ойлап олардан қашады және де бұл қорқынышты сезінген кезде оны түгелдей иемденіп кетуі мүмкін. Сонан соң өрмекші көрген сәтте, баланың жүрек соғысы жиілеп, қорқынышы артады.

Адам эволюциясы даму кезінде өмеркшітәріздестерден қорқу арахнофобия реакцияларының дамуына әкеліп соғуы мүмкін деген пікірлер бар. Көптеген мәдениетті аймақтарда өрмекшілерден не себепі қорқатынына белгілі бір себеп келтіруге болады және де фобияны емдеудің сәтті өтуі мүмкін. Кейбір дамымаған елді мекендерде арахнофобияның не екенін білмейді (тіпті кей жерлерде өрмекшіні тағам ретінде қолданады). Мектепке дейінгі балалардың үлкен өрмекшілерге қорықпастан жақындаған кездері де болды. Тіпті оларды «сүйкімді» деп санады.

Алайда арахнофобияға шалдыққан адамдар оларды мүлдем «сүйкімді» деп ойламайды. Көбінесе оларды «жағымсыз» деп санайды. Олардың түр сипаты жек көрініш сезімін оятады. Көп жағдайларда өрмекшілерді ырымдар, наным-сенімдер құтқарады. Өйткені, өрмекшіні өлтіру жаман ырым. Бірақ та басқа ырымға сүйенетін болсақ, өрмекшіні өлтірген кезде 40 күнәң кешіріледі деп айтылады.

Емдеу шаралары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ең бірінші орында текетірес терапиясы. Бұл емдеу шарасында науқас өзінің қорқынышымен бетпе-бет кездесуі, яғни, өрмекшімен жүздеседі. Ол өрмекшіні қолына ұстай алған кезге дейін онымен сөйлеседі. Емдеу шарасы сәтті өткен науқастар өрмекшіні үй жануары ретінде асырайды. Арнайы мамандар өрмекшіні қолға ұстамауға кеңес береді. Өйткені, өрмекшінің сыртқы қабатындағы жүндері қатты аллергиялық әсер туғызуы ғажап емес[3].

Басқа әсерлі емдеу тәсілі – арнайы компьютерлік программалар. Онда әртүрлі өрмекшіге байланысты арнайы программалар және де өрмекшітәріздестерді өлтіруге арналған ойындар бар (психологтар бұл ойындармен эксперимент жүргізді «Half-Life» және де «Minecraft»).

Америкалық және де испандық ғалымдардың зертеуі бойынша арахнофобияны виртуалды емдеу ең қолайлы да екі есе әсерлі болып отыр. Егер ем кезінде науқас компьютердің экранына қолын тигізер болса сәтті өтеді[4].

Атақты арахнофобтар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Төменде атақты арахнофобияға шалдыққан адамдардың тізімі берілген:

Андре Агасси (америкалық теннисші), Руперт Гринт (ағылшын актері), Камилла Даллеруп (модель және биші), Джонни Депп (америкалық актер), Филл Джупитус (ағылшын актері), Мартина Навратилова (теннисші), Фрэнк Айеро (бұрынғы гитарашы My Chemical Romance), Рональд Рейган (40-шы АҚШ президенті және актер), Иоганн Фридрих фон Шиллер (неміс ақыны), Эстер Ранцен, Венди Ричард, Саманта Фокс, Нелл МакЭндрю, Рэй Парк, Джастин Тимберлейк (америкалық поп және R&B орындаушы , композитор, продюсер, биші және актёр), Никола Маклин. Неміс ақыны Шиллердің өрмекшіден қорықатыны соншалық оларды бір көргеннен өзін жайсыз сезінеді.

«Гарри Поттер» фильмінде Рон Уизли рөлін сомдаған Руперт Гринт өрмекшілерден өзінің кейіпкері секілді қорқады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. M. Jones and R. Menzies, "Danger xpectances, self-effi cacy and insiht in spider phobia", Behaviour Research and Therapy, 2000, vol. 38, no. 6, pp. 585-600.
  2. H. Merckelbach, P. Muris and E. Schouten, "Pathways to fear in spider phobic children", Behaviour Research and Therapy, 1996, vol. 34, nos. 11-12, pp. 935-938; P. Muris, H. Merckelbach and R. Collaris, "Common childhood fers and their origins", Behaviour Research and Therapy, 1997, vol. 35, no. 10, pp. 929-937.
  3. Brachypelma albopilosum Мұрағатталған 1 тамыздың 2012 жылы.
  4. "Touch doubles the power of virtual reality therapy for spider phobia", Sciance Daily, 31 қазан 2003, p. 1.