Антоний Пий
Антоний Пий — б.з.д.138–161 жылдары Римнің он бесінші императоры. Шын аты - Тит Аврелий Фульв Бойоний Аррий Антонин. Б.з. 86-шы жылы Римнің оңтүстік-шығысында орналасқан Ланувиум қаласында дүниеге келген. Өз өмірінде үлкен жетістіктерге жетіп, Азияның консулы атағын алады. Халқы оны бойындағы ерекше қасиеттері үшін мадақтайды. Антоний қайырымды, ақылды, білімді, парасатты адам болған. Адриан атты император оны өз ұлы етіп асырап алады. Бұл 135 жылы болатын. Император қайтыс болғаннан кейін таққа Антоний отырады. Елді билеу кезінде бірқатар іргелі істер атқарған Антонийдің аты әлемге әйгіленеді. Ол ғибадатханалар, театрлар, кесенелер тұрғызды. Антоний өнерлі адамдар құрметтеген. Римдегі ғылым мен өнерді барынша қолдап, шешендік өнер мен философия оқытушыларына әрдайым марапаттаулар мен сыйақылар беріп отырған. Антоний - Рим тарихындағы елін бейбіт басқарған император ретінде танымал. Оның билігі кезінде империя барынша гүлденіп, халқы бақытты өмір кешкен. Оның ел билеудегі ұстанымы - әділдік, Отанға деген адалдық. Антонийдің жұбайы - Анниа Галериа Фаустина. Ол ақылы көркіне сай, парасатты, ақылды, әйгілі болған. Император әйелімен бақытты ғұмыр кешеді. Тіпті, Антоний әйеліне арнап ғибадатхан тұрғызады. Антоний Пий б.з. 131-ші жылдың наурыз айында дүниеден озады. Таққа мұрагері ретінде өзінің қызы отырады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ү.Зұлхарова. Ұлы императорлар. -Алматы:"Аруана" баспасы. - 208 бет.