Акварель
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Акварель (гр. agua— су) құрамында суға еритін желім қосылған түрлі-түсті бояу.
Кескіндеменің ең әсерлі түрі. Акварель бояуларының ерекшелігі — мөлдірлігі. Бұл кескіндеме техникасында ақ бояу мүлде қолданылмайды. Ақ бояуды кескіндеме жазылатын ақ қағаздың өзі ауыстырады. Шығарманың ең жарық нүктелерінде қағаздың тиісті жерлері мүлде боялмайды. Акварель бояулары қолдануға ыңғайлы және қарапайым. Соған қарамастан, Акварель техникасы — мейлінше күрделі. Акварель бояуын И.Е.Репин, Т.Г.Шевченко,А.Ғалымбаева, Ү.Әжиев, Ә.Қастеев т.б. өз кескіндемелерінде шеберлікпен қолданған.[1][2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы I том
- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|